Құжат мәтініне өту

О создании государственного природного заказника местного значения «Аюды»

Қаулы · № 333 · қабылданған 27.09.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-135011/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О создании государственного природного заказника местного значения «Аюды» Қолданыста Қаулы ·№ 333 ·27.09.2019
27.09.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании государственного природного заказника местного значения «Аюды»

Қолданыста Қаулы ·№ 333 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании государственного природного заказника местного значения «Аюды»
Атауы (қаз.)
Жергілікті маңызы бар «Аюды» мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
333
Қабылданған күні
27.09.2019
Көрсетілген редакция
27.09.2019 135011_422490.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19V0006184
ЭКБ идентификаторы
135011
Редакция идентификаторы
135011_422490
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:22

0 Жергілікті маңызы бар «Аюды» мемлекеттік

табиғи қаумалын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 14-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының аумағында жалпы алаңы 5873,8022 гектар жергілікті маңызы бар «Аюды» мемлекеттік табиғи қаумалы (бұдан әрі Қаумал) құрылсын.

2 2. Қаумал «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Асубұлақ орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілсін.

3 3. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Шығыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитетінің төрағасы
_________________ А. Қайнарбеков
2019 жылғы «____» ___________

Қолданыстағы