О снятии ограничительных мероприятий на территории села К.Тургумбаева Аулиекольского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории села К.Тургумбаева Аулиекольского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғымбаев ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 27.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2019 135071_422755.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NG008688
- ЭКБ идентификаторы
- 135071
- Редакция идентификаторы
- 135071_422755
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:22
0 Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғымбаев ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 12 шілдедегі № 01-23/196 ұсынысы негізінде Қ.Тұрғымбаев ауылы
әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ.Тұрғымбаев ауылында Ермұханов Сайранхан Қабдыбекұлының жеке ауласы аумағындағы ірі қара малының құтыруы бойынша қолайсыз деп жариялануына шектеу
іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2019 жылғы 13 мамырдағы № 1 шешімінің (2019 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8423 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Қ.Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.