Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования налога на добавленную стоимость на основании информационной системы электронных счетов-фактур с применением системы управления рисками (пилотный проект)

Бұйрық · № 1084 · қабылданған 03.10.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-135083/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования налога на добавленную стоимость на основании информационной системы электронных счетов-фактур с применением системы управления рисками (пилотный проект) Қолданыста Бұйрық ·№ 1084 ·03.10.2019
09.06.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования налога на добавленную стоимость на основании информационной системы электронных счетов-фактур с применением системы управления рисками (пилотный проект)

Қолданыста Бұйрық ·№ 1084 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил и сроков реализации пилотного проекта по совершенствованию администрирования налога на добавленную стоимость на основании информационной системы электронных счетов-фактур с применением системы управления рисками (пилотный проект)
Атауы (қаз.)
Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы (пилоттық жоба)
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1084
Қабылданған күні
03.10.2019
Көрсетілген редакция
09.06.2022 135083_604114.kaz
Соңғы өзгеріс
09.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019445
ЭКБ идентификаторы
135083
Редакция идентификаторы
135083_604114
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:19

0 Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы (пилоттық жоба)

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба) бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.

0 Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба)

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы ___тамыздағы
№ __ бұйрығына
қосымша
Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық
жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық
жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба)

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері (пилоттық жоба) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жолымен салық төлеушілерге жәрдемдесу, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыру тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) Комитет - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

2 2) ҚҚС - қосылған құн салығы;

3 3) мемлекеттік кірістер органы - Комитет, Департамент, сондай-ақ Пилоттық жобаның қатысушлары ретінде айқындылған, салық төлеушілердің орналасқан орны бойынша тіркелген аумақтағы аумақтық мемлекеттік кірістер органдары;

4 4) Хабарлама - камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

5 5) Хабарлама - камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама;

6 6) электрондық шот-фактура - ЭШФ ақпараттық жүйесіні арқылы және салық заңнамасы нормаларының талаптарына және шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын сәйкес жазып берілген құжат;

7 7) ЭШФ АЖ - Комитеттің ақпараттық ресурсы болып табылатын және электрондық шот-фактураны электронды нысанда жазып берілетін Комитеттің ақпаратық жүйесі.

2 2-тарау. Пилоттық жобаның қатысушылары

3 3. Пилоттық жобаның қатысушылары:

1 1) алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша мәліметтерді талдау негізінде, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде анықталған жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған ҚҚС төлеушілер;

2 2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған, салық төлеушілер жазылып берген ЭШФ сәйкес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын салық төлеушілер (контрагенттер);

3 3) мемлекеттік кірістер органдары болып табылады.

3 3-тарау. Пилоттық жобаның қатысушыларының құқықтары мен міндеттемелері

4 4. Салық төлеуші:

1 1) салық төлеуші тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған ЭШФ қайтарып алу жолымен салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды өздігінен жоюға;

2 2) құпия (қызметтік) ақпараттар болып табылатын тәуекел басқару жүйесінің өлшемшарттарын қоспағанда, жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызу жөнінде мемлекеттік кірістер органдарынан түсініктемелер алуға құқылы;

5 5. Салық төлеуші:

1 1) Осы Ережемен анықталған тәртіппен жолдалынған хабарламаларды орындауға;

2 2) қаржылық-шарушалық операцияларды жүзеге асыруын растайтын құжаттардың көшірмесін мемлекеттік кірістер органдарының талап етуі бойынша ұсынуға міндетті.

6 6. Мемлекеттік кірістер органдары:

1 1) салық есептілігін ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін камералдық бақылау жүргізуге;

2 2) пилоттық жобаны іске асыру барысында жоғары тәуекел деңгейіне жатқызылған салық төлеушіден қаржы-шаруашылық операциясын жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттарды ұсынуды талап етуге;

3 3) ай сайын келесі айдың 5 күнінен кешіктірмей Комитеттің http://kgd.gov.kz ресми сайтында орналастыруға салық төлеушілердің мынадай:

ЭШФ жазып беруге шектеу жасалған;
шектеу шеңберінде ЭШФ жазып беруі қайтарып алынған тізбелерін орналастыруға.
Бұл ретте осы тізбелер өсу қорытындысымен орналастыру жүргізілген айдың бірінші күніне өзекті болып табылады.

7 7. Мемлекеттік кірістер органдары:

1 1) құпия (қызметтік) ақпараттарға жататын тәуекелелдерді басқару жүйесінің өлшемшарттарын қоспағанда, салықтық әкімшілендірудің өзгеше нысанын қолдану негіздері жөнінде түсініктемелер ұсынуға;

2 2) құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттары жөнінде түсініктемелер ұсынуға міндетті.

4 4-тарау. Хабарламаларды орындау тәртібі

8 8. Осы Қағидалардың шеңберінде жолданған хабарламалар ол тапсырылған (алған) күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындауға жатады.

9 9. Хабарламаларды

1 1) егер де, көрсетілген хабарламадағы бұзушылықтармен келіскен жағдайда–салық төлеуші тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған жазып берілген ЭШФ қайтарып алған жағдайда;

2 2) егер де, көрсетілген хабарламадағы бұзушылықтармен келіспеген жағдайда-салық төлеуші қаржы-шаруа операцияларын нақтылайтын, құжаттардың көшірмесін қоса отырып түсінік ұсынған жағдайда салық төлеушінің орындағаны болып танылады.

9-1

9-1. Хабарлама Салық кодексінің 96-бабы 4-тармағымен көзделген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарының шешім шығаруымен орындалмаған деп танылған жағдайда, осы Қағидалардың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген пилоттық жобаға қатысушыларының банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізілмейді.

5 5-тарау. Жобаның іске асыру тәртібі және мерзімдері

10 10. Комитет апта сайын осы Қағидалардың 4-тармағы 1) тармақшасынада айқындалған шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілердің тізімін қалыптастырады.

11 11. Комитет салық төлеушіге жоғары тәуекел дәрежесін берген соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

1 1) салық төлеуші жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған жазып берілген ЭШФ (олар болған кезде) көрсете отырып, салық төлеушінің атына хабарлама. Бұл ретте осындай ЭШФ күні 2019 жылғы бірінші қаңтардан бұрын жазылмайды;

2 2) ЭШФ АЖ салық төлеушінің жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылатындығы туралы хабардар ету және, егер хабарлама орындалмаған жағдайда, ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ кіруге шектеу қолданылады.

12 12. Мемлекеттік кірістер органы тұрақты негізде жіберілген хабарламаларды орындалуын бақылайды.

13 13. Мемлекеттік кірістер органы салық төлеушілер Хабарламаны орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, қайтарып алынған ЭШФ және берілген түсіндірулерге талдау жүргізеді.

14 14. Мемлекеттік кірістер органдары мынадай жағдайларда және мерзімдерде:

1 1) осындай түсіндірулер Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылмаған жағдайда, түсіндіруді талдау аяқталған күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

2 2) осындай хабарлама орындалмаған жағдайда, хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ қолжетімділікті шектеуді қолданады.

14-1 14-1. Мемлекеттік кіріс органдары ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ қол жеткізуді шектеуді қолданғаннан күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді:

1 1) ЭШФ АЖ-де ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ-не қолжетімділікті осындай шектеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану туралы, сондай-ақ хабарламаның орындалмауы туралы құлақтандыру;

2 2) ЭШФ деректеріне сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы болып табылатын салық төлеушінің «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасына хабарлама.

15 15. Хабарлама орындалған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары осындай хабарлама орындалғаннан күннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы пилоттық жобаға қатысушыларды ЭШФ АЖ-де бір мезгілде хабардар ете отырып, ЭШФ жазып беру бөлігінде ЭШФ АЖ-не кіруге шектеуді қолдануды жояды.

16 16. ЭШФ жазып беру шектелген жағдайда Салық кодексінің 413-бабында көзделген оны жазып беру мерзімдері мұндай шектеу алып тасталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

17 17. Камералдық бақылау және камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау, осы Қағидаларда көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, Салық кодексінің 10-тарауында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

18 18. Хабарламаны осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген тәсілдердің бірімен орындаған жағдайда, салық төлеуші бойынша пилоттық жобаның шеңберінде берілген тәуекел дәрежесі ​алынып тасталады.

Қолданыстағы