Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 302
- Қабылданған күні
- 02.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2020 135092_459135.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19UB005193
- ЭКБ идентификаторы
- 135092
- Редакция идентификаторы
- 135092_459135
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:20
0 Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2
2. Арыс қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі №105 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4989 тіркелген, 2019 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Арыс қаласы «Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Арыс қаласы әкімдігінің
2019 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
№
Кәсіпорын, ұйымның, мекеменің атауы
Тізімдік саны
Квота мөл шері
(%)
1.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С.Ерубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
208
3
2.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Б.Онтаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
121
3
3.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаражантақ жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
76
2
4.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Аққала жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
80
2
5.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жиделі жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
107
3
6.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
137
3
7.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№8 В.Комарова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
149
3
8.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№11 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
160
3
9.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
129
3
10.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№1 Ережепбай Молдабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
224
3
11.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 3 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
57
2
12.
Арыс қаласының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№4 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
97
2
13.
Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Арыс аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
1076
4
14.
«Қызмет-Сервис-Арыс»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
85
2
15.
«Теміржолсу-Арыс»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
184
3