Құжат мәтініне өту

Об установлении размеров дивидендов (дохода) акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, находящихся в областной коммунальной собственности

Қаулы · № 250 · қабылданған 04.10.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-135127/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении размеров дивидендов (дохода) акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, находящихся в областной коммунальной собственности Қолданыста Қаулы ·№ 250 ·04.10.2019
30.04.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении размеров дивидендов (дохода) акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, находящихся в областной коммунальной собственности

Қолданыста Қаулы ·№ 250 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении размеров дивидендов (дохода) акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, находящихся в областной коммунальной собственности
Атауы (қаз.)
Облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
250
Қабылданған күні
04.10.2019
Көрсетілген редакция
30.04.2020 135127_459141.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19Z0005812
ЭКБ идентификаторы
135127
Редакция идентификаторы
135127_459141
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:18

0 Облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың және

жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Акцияларының 100% мемлекеттік пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) облыстық коммуналдық меншікке жататын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) дивидендтерінің (кірістерінің) көлемі таза табысының 10 (он) пайызы көлемінде белгіленсін.

1-1 1-1. «Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін таза табысты аудару мөлшері 0 (нөл) пайыз көлемінде белгіленсін.

2

2. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығы берілген мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) дивидендтердің (кірістердің) белгіленген көлемінің облыстық бюджетке толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Мемлекеттік органдар акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің иелігінде қалған таза табыс бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамыту және  жетілдіру мақсатында тиімді пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Д.Б.Имашев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А.Алпысбаевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы