Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги «Аккредитация заготовительных организаций в сфере агропромышленного комплекса»
- Атауы (қаз.)
- «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 766
- Қабылданған күні
- 04.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2020 135129_500441.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19E0000062
- ЭКБ идентификаторы
- 135129
- Редакция идентификаторы
- 135129_500441
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:18
0 «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін
бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1 және 3-тармақтарына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3 3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Шымкент қаласының
әкімдігінің 2019 жылғы
________________
№ _____ қаулысына
қосымша
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы №9-3/1001 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12439 болып тіркелген) бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес, «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінім қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу және оны көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастыру.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4
4. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Cтандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеуге өтінім (бұдан әрі – өтінім) ұсынуы қажет.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1 1) Мемлекеттік корпорация қызметкері қызметті алушыдан өтінімді қабылдайды және оны қызметті берушіге жолдайды - сол жұмыс күні ішінде;
2 2) кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсыруды жүзеге асыруы – 30 (отыз) минут;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары көрсетілетін қызметті алушының өтінімін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына береді – 30 (отыз) минут;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінімін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді – 30 (отыз) минут;
5
5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу жолымен дайындаушы ұйымдарды есепке қоюды жүзеге асырады, жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында көрсетілген тізбенің орналастыруын қамтамасыз етеді – 2 (екі) жұмыс күні;
6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметке қол қою – 30 (отыз) минут;
7 7) кеңсе қызметкері хабарламаны тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жібереді – 30 (отыз) минут.
6 6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) көрсетілетін қызметті алушының өтінімін тіркеу;
2 2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындау;
3 3) жауапты орындаушы дайындаушы ұйымды аккредиттелген дайындаушы ұйымдардың тізбесіне қосады;
4 4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мәртебесі туралы хабарламаны тіркеу және Мемлекеттік корпорацияға жіберу.
3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
8 8. Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
1 1) кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына тапсыруды жүзеге асыруы – 30 (отыз) минут;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары көрсетілетін қызметті алушының өтінімін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына береді – 30 (отыз) минут;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінімін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді – 30 (отыз) минут;
4
4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне қосу жолымен дайындаушы ұйымдарды есепке қоюды жүзеге асырады, жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында көрсетілген тізбенің орналастыруын қамтамасыз етеді – 2 (екі) жұмыс күні;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметке қол қою – 30 (отыз) минут;
6 6) кеңсе қызметкері хабарламаны тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жібереді – 30 (отыз) минут.
4 4-тарау. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдар) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы дайындаушы
ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: