О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных
- Атауы (қаз.)
- Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1118
- Қабылданған күні
- 10.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 23.01.2020 135211_441684.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019466
- ЭКБ идентификаторы
- 135211
- Редакция идентификаторы
- 135211_441684
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:15
0 Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қазақстан Республикасының аумағынан мыналарды әкетуге алты ай мерзіміне тыйым салынсын:
тірі ірі қара мал: Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды – 0102;
тірі қойлар мен ешкілер: ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 0104.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы хабардар етсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
4 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.
6 6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі