О принятии долей участия в уставных капиталах товарищества с ограниченной ответственностью «Институт сейсмологии» и товарищества с ограниченной ответственностью «Сейсмологическая опытно-методическая экспедиция» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О принятии долей участия в уставных капиталах товарищества с ограниченной ответственностью «Институт сейсмологии» и товарищества с ограниченной ответственностью «Сейсмологическая опытно-методическая экспедиция» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения
- Атауы (қаз.)
- «Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 748
- Қабылданған күні
- 10.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 135212_592547.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000748
- ЭКБ идентификаторы
- 135212
- Редакция идентификаторы
- 135212_592547
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:15
0 «Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-тармағының 13) тармақшасына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Цифрлық техника және технологиялар» акционерлік қоғамының «Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «Сейсмология институты» ЖШС) қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын және «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «СТӘЭ» ЖШС) қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
2 2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне «Сейсмология институты» ЖШС және «СТӘЭ» ЖШС мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 123-153, 123-154-жолдармен толықтырылсын:
«123-153. «Сейсмология институты» ЖШС
123-154. «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС».».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 222-39-9, 222-39-10-жолдармен толықтырылсын:
«222-39-9. «Сейсмология институты» ЖШС
222-39-10. «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС».
3 3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi:
мынадай мазмұндағы 4-бөлікпен толықтырылсын:
«4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
30. Сейсмология институты
31. Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы».