Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих органов внутренних дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 880 · қабылданған 10.10.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-135259/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих органов внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 880 ·10.10.2019
10.10.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих органов внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 880 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих органов внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
880
Қабылданған күні
10.10.2019
Көрсетілген редакция
10.10.2019 135259_423738.kaz
Соңғы өзгеріс
10.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019471
ЭКБ идентификаторы
135259
Редакция идентификаторы
135259_423738
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:15

0 Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

2

2. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істері министрлігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1101 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 125759 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қаңтарда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М. Сайытбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (А.М. Сайытбеков) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттары

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы « » ____________
№ __________ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 139-бабының 7 - тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілерін (бұдан әрi – қызметшілер) аттестаттаудан өткiзу тәртiбi мен шарттарын айқындайды.

2 2. Қызметшілердін аттестаттау олардың кәсiби және бiлiктiлiк даярлығын, iскерлiк қасиеттерiн айқындау, бiлiктiлiк санаттарын (разрядтарды) белгiлеу мақсатында жүзеге асырылады.

3 3. Аттестаттау кезiнде бағалаудың негiзгi өлшемшарты қызметшілердің, оларға жүктелген мiндеттердi орындау қабiлеті болып табылады.

4 4. Жүктi әйелдер мен осы лауазымға орналасқан күнінен бастап алты айдан аз жұмыс істеген қызметшілерді қоспағанда, қызметшілер аттестаттауға жатады.

5 5. Қызметшілер азаматтық қызметте болған әрбiр келесі үш жыл өткен соң, бiрақ осы лауазымға орналасқан күнінен бастап алты айдан ерте емес аттестаттаудан өтедi.

Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзiм басталған күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей өткiзiледі.

6 6. Жалақысы сақталмайтын демалыстағы, жүктілігі мен бала тууына байлынысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты қызметшілері жұмысқа шыққаннан кейiн алты айдан ерте емес аттестатталады.

Қызметшілердің өтiнiшi бойынша кезекті санат беру үшін аттестаттау көрсетілген мерзiмдер өткеннен кейін өткiзіледі.

7 7. Аттестаттау бiрқатар жүйелі кезеңдердi:

1 1) аттестаттаудан өткізуге дайындық;

2 2) аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметшілерімен әңгiмелесуді;

3 3) аттестаттау комиссиясының шешiм шығаруын қамтиды.

2 2-тарау. Аттестаттауды өткiзу тәртібі мен шарттары

8 8. Аттестаттауды өткiзуді аттестаттайтын органның кадр қызметi оның басшысының тапсырмасы бойынша ұйымдастырады және ол мынадай iс-шараларды:

1 1) аттестатталушыларға қажеттi құжаттарды дайындауды;

2 2) аттестаттауды өткiзу кестелерiн әзiрлеуді;

3 3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындауды;

4 4) аттестаттауды өткiзудiң мақсаты мен тәртiбi туралы түсiндiру жұмысын ұйымдастыруды қамтиды.

9 9. Кадр қызметi осы Қағидалардың 5-6 тармағына сәйкес аттестатталуға жататын қызметшілерді алты ай iшiнде бiр рет айқындайды.

10 10. Ұйым басшысы кадр қызметiнiң ұсынымы бойынша аттестатталатын адамдардың тiзiмi, аттестаттауды өткiзу кестесi мен аттестаттау комиссиясының құрамы бекiтiлетін бұйрық шығарады.

11 11. Кадр қызметi аттестаттауды өткiзу мерзiмдерi туралы оны өткiзу басталғанға дейін бiр айдан кешіктірмей қызметшілерді жазбаша түрде хабардар етедi.

12 12. Аттестаттауға жататын қызметшілердің тiкелей басшысы қызметтiк мiнездеменi ресiмдейді және оны аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн төрт аптадан кешіктірмей кадр қызметiне жолдайды.

13 13. Қызметтiк мiнездеме аттестатталатын адамның кәсiби, жеке басының қасиеттерi мен қызметтiк жұмысы нәтижелерiнiң негiзделген, объективті бағасын көздейді.

14 14. Кадр қызметi аттестаттау комиссиясының отырысына дейiн үш аптадан кешіктірмейтін мерзімде қызметшіні оған берiлген қызметтiк мiнездемемен таныстырады.

15 15. Аттесталатын адам оған берілген қызметтік мінездемемен келіспеген жағдайда өзінің келіспегендігі туралы кадр қызметіне жазбаша түрде мәлімдеме жасайды.

Кадр қызметі аттестатталатын адамның келіспеу-хатын қызметтік мінездемеге қосымша ретінде тіркейді.

16 16. Аттестаттауға жататын қызметшісіне аттестаттау парағы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделедi.

17 17. Аттестаттауға жататын қызметшінің бағалау парағы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

18

18. Аттестаттау комиссиясы кадр қызметiнiң ұсынымы бойынша ішкі істер органдарының бөлінісі басшысының бұйрығымен құрылады және ол комиссия мүшелерi мен хатшысынан тұрады. Аттестаттау комиссиясының мүшелерi қатарынан төраға тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, қызметіне жалпы бақылауды және ол қабылдайтын шешімдерді жүзеге асырады.

19 19. Аттестаттау комиссиясының отырысында дәлелді себептермен болмаған аттестатталушы адам жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттаудан өтеді.

Аттестатталатын адам дәлелді себептерсіз аттестаттауға келмеген жағдайда, аттестаттау комиссиясы осы Ереженің 21-тармағының 3) тармақшасында көзделген шешім қабылдайды.

20 20. Отырыс барысында комиссия ұсынылған материалдарды зерделейдi, аттестатталатын адамды тыңдайды.

21 21. Ұсынылған материалдарды зерделеу және қызметшімен әңгiмелесу нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1 1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2 2) қайта аттестаттауға жатады;

3 3) атқаратын лауазымына сәйкес емес.

Аттестаттау комиссиясының шешімі еңбек шартын ұзарту немесе оны бұзу туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.

22 22. Комиссия оң шешiм шығарған кезде қызметшiнің тиісті бiлiктiлiк санатын (разрядын) белгілейдi (растайды) не оны белгілеуге негiздердің болмауы туралы.

23 23. Аттестаттау комиссиясының шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады. Аттестаттау комиссиясының құрамына кіретін қызметшіге қатысты шешім қабылдау кезінде дауыс беру оның қатысуынсыз өтеді.

24 24. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттауға ұсынған қызметшілер бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш айдан ерте емес осы Қағидаларда айқындалған тәртiпте қайта аттестаттаудан өтуге жатады. Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттауды өткiзе отырып, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

1 1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2 2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.

Қызметші атқаратын лауазымына сәйкес болған кезде комиссия осы Қағидалардың 22-тармағын ескере отырып, шешiм шығарады.

25 25. Аттестаттау комиссиясының шешiмдерi оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясының төрағасы, мүшелерi мен хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.

26 26. Аттестаттау нәтижелері хаттамаға (еркін нысанда) қол қойғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде аттестатталатын адамға қолын қойдырып, аттестаттау парағының бір данасын бере отырып хабарланады.

27 27. Аттестаттау комиссиясының бекiтiлген шешiмдерi қызметшілердің аттестаттау парақтарына енгiзiледi.

28 28. Аттестаттаудан өткен қызметшінің аттестаттау парағы және оның қызметтiк мiнездемесі жеке iсiнде сақталады. Басшы бекiткен аттестаттау комиссиясының шешiмі қызметшінің қызметтік тiзiмiне енгiзiледi.

3 3-тарау. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдану

29 29. Қызметшілер Аттестаттау комиссиясының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

30 30. Осы Қағидалардың талаптарын бұзушылық анықталған жағдайларда, Ішкі істер органдарының жоғары тұрған бөлімшенің басшысы бұйрықтың күшін жояды және қайта аттестаттауды тағайындайды. Қайта аттестаттау Қағидалардың 24-тармағына сәйкес жүргізіледі.

1 Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аттестаттауға жататын қызметшілерінің аттестаттау парағы

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының
аттестаттауға жататын қызметшілерінің аттестаттау парағы
Аттестаттау түрi: кезектi - ; қайта -
(керектiсiн Х белгiсiмен белгiлеу керек)
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) _____________________
2. Туған күнi ____ж. «___»___________
3. Бiлiмi туралы, бiлiктiлiгiн арттыру, қайта даярлау туралы
мәлiметтер (қашан және қандай оқу орнын бітірген, бiлiмi бойынша
мамандығы мен бiлiктiлiгi, біліктілігін арттыру, қайта даярлау туралы құжаттар, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, берiлген күнi)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күнi, бiлiктiлiк
санаты (разряды) ____________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Жалпы еңбек өтiлi – ________________________________________
6. Атқаратын лауазымдағы жалпы жұмыс өтiлi _____________
7. Аттестаттау комиссиясының мүшелерi айтқан ескертулер мен
ұсыныстар:
__________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Аттестатталушының пiкiрi ____________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Аттестатталушының қызметтiк мiнездемесiне сәйкес тiкелей
басшының азаматтық қызметшінің қызметiн бағалауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
10. Отырысқа аттестаттау комиссиясының ______ мүшесi қатысты.
11. Аттестаттау комиссиясының әрбiр мүшесi толтыратын қоса берiлген бағалау парағына сәйкес дауыс беру нәтижелері бойынша азаматтық қызметшінің қызметiн бағалау:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны) __________;
2) қайта аттестатталуға жатады (дауыс саны) ______________________;
3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді (дауыс саны) ______________.
12. Бiлiктiлiк санаты (разряды):
1) ________________ (жазумен) бiлiктiлiк санатына (разрядына)
сәйкес келеді_______________ (дауыс саны) ___________________________
(әрбір бiлiктiлiк санаты (разряды) бойынша жеке)
2) бiлiктiлiк санатын (разрядын) белгiлеуге негiздер жоқ
(дауыс саны)
_________________________________________________________
Қорытынды бағалау _____________________________________________
____________________________________________________________________
(бiлiктiлiк санатының (разрядының) сандық белгiсi жазумен көрсетіледі)
13. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (олар берілетін
дәлелдемелерді көрсете отырып)_______________________________________
____________________________________________________________________
14. Ескертпелер ________________________________________________
__________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының мүшелерi: ___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
Аттестаттау өткiзiлген күн 20___жылғы «___» __________
Басшының аттестаттау қорытындылары бойынша шешiмi
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Аттестаттау парағымен таныстым: _______________________________
(қызметкердің қолы және күнi)
Ұйымның мөрі үшін орын

2 Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына

2-қосымша
Нысан
Аттестаттау түрi: кезектi - ; қайта -
(керектiсiн Х белгiсiмен белгiлеу керек)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Лауазымы ___________________________________________________
Аттестатталушының бағасы ______________________________________
(өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
Аттестаттау комиссиясы мүшесiнiң шешiмi (төменде сыналмаланғандардың бiрi: атқаратын лауазымына сәйкес келеді; қайта аттестатталуға жатады; атқаратын лауазымына сәйкес емес):
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының мүшесi шешiмiнiң негiздемесi:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бiлiктiлiк санатына (разрядына) сәйкес келеді _________________
Бiлiктiлiк санатын (разрядын) белгiлеуге негiз жоқ ___________________
____________________________________________________________________
Негiздеме: ____________________________________________________
____________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының мүшесi ______________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы _____________________________
(қолы)
Күнi 20___ жылғы «___» ____________

Қолданыстағы