Об установлении ставок платы за использование особо охраняемых природных территорий местного значения по Туркестанской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 591-бабының 2-тармағына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-тармағы 1-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №12/105-V «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2274 болып тіркелген, 2013 жылғы 15 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) және 2017 жылғы 27 маусымдағы №13/155-VI «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №12/105-V «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4164 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 шілдедегі «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2017 жылғы 1 тамыздағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Түркістан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы «___» ______ №_____ шешіміне қосымша Түркістан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері р/с № Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану түрлері Өлшем-бірлігі Айлық есептік көрсеткішіндегі төлем мөлшерлемелері 1 Ғылыми мақсаттарда адам-күн 0,1 2 Экологиялық ағарту мақсаттарда адам-күн 0,1 3 Мәдени ағарту мақсаттарда адам-күн 0,01 4 Оқыту мақсаттарда адам-күн 0,01 5 Туристік мақсаттарда адам-күн 0,1 6 Рекреациялық мақсаттарда адам-күн 0,1 7 Шектеулі шаруашылық мақсаттарда адам-күн 0,1