Құжат мәтініне өту

Об изменении границ населенных пунктов по Келесскому району

Қаулы · № 17-125-VI · қабылданған 26.09.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-135289/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об изменении границ населенных пунктов по Келесскому району Қолданыста Қаулы ·№ 17-125-VI ·26.09.2019
26.09.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении границ населенных пунктов по Келесскому району

Қолданыста Қаулы ·№ 17-125-VI · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении границ населенных пунктов по Келесскому району
Атауы (қаз.)
Келес ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
17-125-VI
Қабылданған күні
26.09.2019
Көрсетілген редакция
26.09.2019 135289_424211.kaz
Соңғы өзгеріс
26.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UQ005198
ЭКБ идентификаторы
135289
Редакция идентификаторы
135289_424211
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:23

0 Келес ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Келес ауданының жер қатынастары бөлімі мен Келес ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, елді мекендердің шекаралары өзгертілсін:

1 1) 8,55 гектар жер учаскесі Ұшқын ауылдық округі, Ұшқын елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 161,9 гектар;

2 2) 95,44 гектар жер учаскесі Ұшқын ауылдық округі, Достық елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 945,40 гектар.

2 2. «Келес аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бірлескен қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Келес ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы мен шешімді Келес аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы