О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 769
- Қабылданған күні
- 15.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 15.10.2019 135342_424411.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000769
- ЭКБ идентификаторы
- 135342
- Редакция идентификаторы
- 135342_424411
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:12
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер таратылсын.
2
2. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орталығы (Павлодар қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 14, 16, 17, 18, 22, 24 және 25-жолдар алып тасталсын;
«2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 96-жолмен толықтырылсын:
«96. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орталығы»;
2 2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі №339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
1-бөлімде:
мына:
«
1.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
148779
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
148480
»;
мына:
«
1.2
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
83624
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.2
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
83325
»;
мына:
«
4)
ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы
283
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4)
ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы
303
»;
мына:
«
6)
ІІМ Оқу орталығы (Павлодар қаласы)
93
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6)
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орталығы
93
»;
реттік нөмірлері 7), 11), 12), 13), 14) және 15) жолдар алып тасталсын.
4 4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы таратылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2019 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы таратылатын республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі