Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 37/4
- Қабылданған күні
- 04.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2025 135349_759298.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19S0005621
- ЭКБ идентификаторы
- 135349
- Редакция идентификаторы
- 135349_759298
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:18
0 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуіріндегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларының 4-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санатының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санатының тізбесі
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2019 жылғы 4 қазандағы
№ 37/4 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын
үй сертификаттарының мөлшері және алушылар
санатының тізбесі
1 1. Әрбір алушы үшін тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1 1) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;
2 2) Тұрғын үй қарызы сомасының 10 пайызы, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2 2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі:
1 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2 2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
3 3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4 4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
5 5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
6 6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
7 7) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
8 8) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады;
9 9) қандастар;
10 10) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
11 11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
12 12) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
13 13) толық емес отбасылар;
14
14) асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады.
15
15) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттiк ұйымдарында еңбек қызметтерін жүзеге асыратын, қажетті мамандар.