Құжат мәтініне өту

О присвоении наименовании улицам

Өзге акт · № 27 · қабылданған 09.10.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-135392/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О присвоении наименовании улицам Қолданыста Өзге акт ·№ 27 ·09.10.2019
09.10.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О присвоении наименовании улицам

Қолданыста Өзге акт ·№ 27 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присвоении наименовании улицам
Атауы (қаз.)
Көшелерге атау беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
27
Қабылданған күні
09.10.2019
Көрсетілген редакция
09.10.2019 135392_424487.kaz
Соңғы өзгеріс
09.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UKC05213
ЭКБ идентификаторы
135392
Редакция идентификаторы
135392_424487
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:15

0 Көшелерге атау беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 10 тамыздағы қорытындысы негізінде, Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ақжар ауылдық округіне қарасты көшелерге келесі атаулар берілсін:

1 1) Ақжар ауылындағы Ақорда көшесіне - Төлеби атауы;

2 2) Ақжар ауылындағы №1 көшеге - Көктөбе атауы;

3 3) Ақжар ауылындағы №2 көшеге - Күншуақ атауы;

4 4) Ақжар ауылындағы №3 көшеге - Ырысты атауы;

5 5) Ақжар ауылындағы №4 көшеге - Ықылас атауы;

6 6) Ақжар ауылындағы №5 көшеге - Келес атауы;

7 7) Ақжар ауылындағы №6 көшеге - Шаттық атауы;

8 8) Ақжар ауылындағы №7 көшеге - Баянды атауы;

9 9) Ақжар ауылындағы №8 көшеге – Мәңгілік ел атауы;

10 10) Ақжар ауылындағы №9 көшеге - Игілік атауы;

11 11) Ақжар ауылындағы №10 көшеге - Жастар атауы;

12 12) Ақжар ауылындағы №11 көшеге - Жайлау атауы;

13 13) Ақжар ауылындағы №12 көшеге - Ақниет атауы;

14 14) Ақжар ауылындағы №13 көшеге - Достық атауы;

15 15) Ақжар ауылындағы №14 көшеге - Заңғар атауы;

16 16) Ақжар ауылындағы №15 көшеге – Қасым хан атауы;

17 17) Ақжар ауылындағы №16 көшеге - Бәйтерек атауы;

18 18) Ақжар ауылындағы №17 көшеге - Мойынқұм атауы;

19 19) Ақжар ауылындағы №18 көшеге - Арал атауы;

20 20) Ақжар ауылындағы №19 көшеге - Қызғалдақ атауы;

21 21) Ақжар ауылындағы №20 көшеге - Алматы атауы;

22 22) Ақжар ауылындағы №21 көшеге - Жүзімдік атауы;

23 23) Ақжар ауылындағы №22 көшеге - Көркем атауы.

2 2. «Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сарыағаш ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімнің орынбасары Б.Қалдыбекке жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы