О некоторых вопросах вывоза нефтепродуктов с территории Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах вывоза нефтепродуктов с территории Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 338
- Қабылданған күні
- 16.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2020 135434_453829.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019500
- ЭКБ идентификаторы
- 135434
- Редакция идентификаторы
- 135434_453829
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:11
0 Қазақстан Республикасы
аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің
кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Техникалық шарттарға сәйкес орнатылған автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында және жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709, 2710, 2902, 3403, 3811 топтарына жататын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлік құралымен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тауарларды автомобиль көлік құралдары техникалық шарттарының стандарттарына сәйкес келмейтін және автомобиль көлік құралдары техникалық сипаттамаларының стандарттарына сәйкес келмейтін автомобиль көлік құралдарының бензин багы мен 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларына жол бермеу бойынша көмек көрсетсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5 5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика, қаржы, ішкі істер вице-министрлеріне және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына жүктелсін.
6 6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі