Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг по ведению государственного градостроительного кадастра
Қолданыста
Бұйрық
·№ 776
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с производством товаров, работ, услуг по ведению государственного градостроительного кадастра
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 776
- Қабылданған күні
- 15.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2024 135438_708331.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019498
- ЭКБ идентификаторы
- 135438
- Редакция идентификаторы
- 135438_708331
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:12
0 Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
7 Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Индустрия жəне
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің
тізбесі
1 1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін сүйемелдеу.
2 2. Талдау жүйесін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпаратымен және мәліметтерімен толтыру және қала құрылысы жобаларын әзірлеу.
3 3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру шеңберінде жобалау-іздестіру жұмыстары (өз қажеттіліктері үшін):
инженерлік-геодезиялық, топографиялық, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық жұмыстар;
полигонометрия пунктерін есепке алу;
қашықтықтан барлау деректерін өңдеу;
кадастрлардың геодезиялық және картографиялық негіздерін құру ;