Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Кызылординской области за счет средств областного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении Правил и размера оказания социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Кызылординской области за счет средств областного бюджета
- Атауы (қаз.)
- Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерлерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 358
- Қабылданған күні
- 16.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2020 135450_478724.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19L0006936
- ЭКБ идентификаторы
- 135450
- Редакция идентификаторы
- 135450_478724
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:11
0 Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерлерін айқындау туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері бес жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айқындалсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Қызылорда облыстық мәслихатының
2019 жылғы «16» қазандағы № 358 шешіміне
қосымша
Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары
1
1. Осы Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1
1) Қызылорда облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
2 2) жұмыс берушi - медицина және фармацевтика қызметкерiмен еңбек шартын жасасқан тиісті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы;
3 3) медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер - еңбек шартын жасасқан, жоғары медициналық білімі және тиісті маман сертификаты бар қызметкерлер.
3 3. Ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) бір жолғы көмек болып табылады.
4
4. Әлеуметтік қолдау жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқаннан кейін кемінде 5 (бес) жыл мерзімге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерінің есеп шоттарына екінші деңгейдегі банктер немесе банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен уәкілетті органмен төленеді.
Осы кемінде 5 (бес) жылдық кезеңге қызметкердiң жалақысы сақталмайтын демалыста, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысы, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақпен расталған екi айдан артық уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі кiрмейдi.