Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Кызылординской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Кызылординской области
- Атауы (қаз.)
- Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 359
- Қабылданған күні
- 16.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2019 135463_424468.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19L0006937
- ЭКБ идентификаторы
- 135463
- Редакция идентификаторы
- 135463_424468
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:11
0 Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Су Кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 569-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. «Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 300 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5192 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және Кызылординские вести» газеттерінде 2015 жылғы 31 қазандағы №164-165, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қызылорда облыстық мәслихатының
2019 жылғы «16» қазандағы № 359
шешiмiне қосымша
Қызылорда облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№
Сырдария өзені және Арал теңізі бассейнінде арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері,
теңге
1
Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
1000 текше метр
132,8
2
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қосқанда
1000 текше метр
376,0
3
Ауыл шаруашылығы
1000 текше метр
5,4
4
Су көздерінен су алатын тоғандық шаруашылықтар
1000 текше метр
104,2
5
Су энергетика
1000 киловатт сағат
-
6
Су көлігі
тонна шақырым
14,3