Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 791 · қабылданған 23.10.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-135488/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 791 ·23.10.2019
23.10.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 791 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
791
Қабылданған күні
23.10.2019
Көрсетілген редакция
23.10.2019 135488_425059.kaz
Соңғы өзгеріс
23.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000791
ЭКБ идентификаторы
135488
Редакция идентификаторы
135488_425059
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:07

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 377-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiнде:
«Отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды (көмірді, мұнайды, газды, уранды) және металл кеніштерін өндіру және қайта өңдеу» деген бөлімде:
реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
38.
«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерінде есепте, оларды бекіту «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көзделген.
».

2

2. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы
№ 651 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31,
330-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
реттік нөмірі 43-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
43.
«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС қатысу үлесінің 51 %
»;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
«Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлімде:
реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
26.
«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС қатысу үлесінің 49 %
».

3 3. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы

31 желтоқсандағы № 1165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 607-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде:
3-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан-Қытай мұнай құбырының екінші кезеңін пайдалануға беру мақсатында жүзеге асырылатын Атырау – Кеңқияқ – Құмкөл – Атасу – Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесі (бұдан әрі – Атырау – Алашанькоу мұнай құбыры) мен олардың объектілерін қайта жаңарту және салу үшін «Қазақстан-Қытай Құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «КазТрансОйл» акционерлік қоғамы 2007 жылғы
18 тамызда жасалған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негізгі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға сәйкес қызметтің негізгі мәні бойынша сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:».

Қолданыстағы