Об установлении квоты рабочих мест по городу Кызылорда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест по городу Кызылорда
- Атауы (қаз.)
- Қызылорда қаласы бойынша жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14460
- Қабылданған күні
- 18.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 28.01.2021 135489_507066.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19LA006941
- ЭКБ идентификаторы
- 135489
- Редакция идентификаторы
- 135489_507066
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:10
0 Қызылорда қаласы бойынша жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының
2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 9-бабының 7, 8, 9) - тармақшаларына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Қызылорда қаласы бойынша пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн, ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн екі пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгiленсiн.
2 2. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қызылорда қаласы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
5 Қызылорда қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 18 қазандағы
№14460 қаулысына 1-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның
мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан
Квота
белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
275
1,8
5
2
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
100
2
2
3
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Қызылорда» филиалы
273
1,8
5
4
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
200
2
4
5
«Самат-Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
241
2
5
6
«ПРОМСТРОЙСЕРВИС.Е» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
83
2,4
2
6 Қызылорда қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 18 қазандағы
№14460 қаулысына 2-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның
мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан
Квота
белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
275
1,8
5
2
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
100
2
2
7 Қызылорда қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 18 қазандағы
№14460 қаулысына 3-қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның
мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан
Квота
белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Қызылорда тазалығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
275
1,8
5
2
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
100
2
2
3
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
200
2
4
8 Қызылорда қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «__»__________»
№___ қаулысына 4-қосымша
Қызылорда қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. «Қызылорда қаласы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы №10132 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6150 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 1 ақпанда жарияланған);
2 2. «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 15 қаңтардағы №10132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 шілдедегі №11541/3 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6404 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 тамызда жарияланған);
3 3. «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 15 қаңтардағы №10132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы №12620 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6684 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 25 ақпанда жарияланған).