Об утверждении норматива субсидий за единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норматива субсидий за единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции
- Атауы (қаз.)
- Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 437
- Қабылданған күні
- 18.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2021 135512_535946.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19C0006432
- ЭКБ идентификаторы
- 135512
- Редакция идентификаторы
- 135512_535946
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:09
0 Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 «Өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.
2
2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 347 «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5678 тіркелген, 2017 жылдың 26 қазанында Қазақстан Республикасының нормативтык құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2019 жылғы ____ _______
№ ____ қаулысымен
бекітілген
Сатып алынатын ауылшаруашылық
өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
№ р/с
Ауылшаруашылық өнім атауы
Тереңдете өңделген өнімдердің атауы
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері (теңге/литр, теңге/кг)
1
2
3
4
1
Сүт
Сары май
59,0