О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 235
- Қабылданған күні
- 23.10.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2019 135519_424917.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19G0004365
- ЭКБ идентификаторы
- 135519
- Редакция идентификаторы
- 135519_424917
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:07
0 Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет - ресурсында
орналастырылуын;
4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы «___»___________
№_____ қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2204 болып тіркелген, 2014 жылдың 19 мамырында «Ақ жол» газетінде, 2014 жылдың 23 мамырында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2
2. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы №55 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 шілдедегі №208 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2299 болып тіркелген, 2014 жылдың 14 тамызында «Ақ жол» газетінде, 2014 жылдың 27 қазанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3
3. «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 362 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекттік тіркеу тізілімінде №2522 болып тіркелген, 2015 жылдың 26 ақпанында «Ақ жол» газетінде, 2015 жылдың 1 сәуірінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4
4. «Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидия нормативін, сондай-ақ жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2527 болып тіркелген, 2015 жылдың 14 ақпанында «Ақ жол» газетінде жарияланған).
5
5. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2592 болып тіркелген, 2015 жылдың 11 сәуірінде «Ақ жол» газетінде жарияланған).
6
6. «Субсидиялауға жататын жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің шекті сатылу бағаларын және аудандар бойынша субсидия көлемдерін белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2720 болып тіркелген, 2015 жылдың 19 қыркүйегінде «Ақ жол» газетінде, 2015 жылдың 3 қыркүйегінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
7
7. «Субсидиялауға жататын жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің шекті сатылу бағаларын және аудандар бойынша субсидия көлемдерін белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 252 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2811 болып тіркелген, 2015 жылдың 29 қазанында «Ақ жол» газетінде, 2015 жылдың 19 қарашасында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
8
8. «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара өтеуге арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы №273 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2837 болып тіркелген, 2015 жылдың 5 желтоқсанда «Ақ жол» газетінде, 2016 жылдың 12 қаңтарында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).