Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере геологии

Қаулы · № А-11/495 · қабылданған 22.10.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-135533/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере геологии Күшін жойған Қаулы ·№ А-11/495 ·22.10.2019
07.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере геологии

Күшін жойған Қаулы ·№ А-11/495 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере геологии
Атауы (қаз.)
Геология саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-11/495
Қабылданған күні
22.10.2019
Көрсетілген редакция
07.07.2020 135533_470496.kaz
Соңғы өзгеріс
07.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19B0007438
ЭКБ идентификаторы
135533
Редакция идентификаторы
135533_470496
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:08

0 Геология саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2 2) «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

3 3) «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № А-8/349 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4963 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2) «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № А-8/349 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № А-1/605 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5729 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары М.Н. Иғалиевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы ________________
№ ___________ қаулысымен
бекітілген
«Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.

3

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 11452 болып тіркелген) бекітілген «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысанында немесе алдағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалардың болуы туралы хабарлама-хат (еркін нысанда) немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және бұрыштама қою үшін басшыға жібереді – 15 минут;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды – 15 минут;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстыруды жүзеге асырады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды – 7 жұмыс күні;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 1 жұмыс күні;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды –

15 минут.

6 6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекетінің) нәтижесі:

1 1) құжаттарды тіркеу және басшыға бұрыштама қоюға жіберу;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;

3 3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау;

4 4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қою;

5 5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін жолдау.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара әрекет тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

8 8. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) орындалу ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің

(әрекеттердің) кезеңділігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және бұрыштама қою үшін басшыға жібереді – 15 минут;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды – 15 минут;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстыруды жүзеге асырады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды – 7 жұмыс күні;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 1 жұмыс күні;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды –

15 минут.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9 9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін сипаттау.

Көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ пароль арқылы порталда тіркеуді іске асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады);
1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда ЖСН/БСН және паролін енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің түпнұсқалығын порталда тексеру;
2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түріне электрондық түрдегі стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдап алуы;
2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және қайта шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқ екендігін, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестігін тексеру;
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ төлтумалылығының расталмауына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сауалды өңдеуі үшін «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (қызмет алушының сауалын) жолдау;
3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет алушы Стандартта көрсетілген және қызмет көрсетуге негіз болған қоса берген құжаттарының сәйкестігін тексеруі;
6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
7-процесс – портал қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық құжат түріндегі хабарлама) алуы.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет етуінің диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілді.
«Болашақ құрылыс учаскесі
астындағы жер қойнауында
пайдалы қазбалардың
жоқ немесе оның аз мөлшерде
екендігі туралы қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Қысқартылған сөздердің мағынасы:
ЭҮП АЖ – «электрондық үкімет» порталдың ақпараттық жүйесі;
ЭҮШ – «электрондық үкіметтің» шлюзі;
ЭҮӨШ АЖО – «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі автоматтандырылған жұмыс орны.
«Болашақ құрылыс учаскесі астындағы
жер қойнауында пайдалы қазбалардың
жоқ немесе оның аз мөлшерде
екендігі туралы қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

42 «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы _____________
№ ___________ қаулысымен
бекітілген
«Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкіметің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) түрде.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 11452 болып тіркелген) бекітілген «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес немесе Стандарттың
10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және бұрыштама қою үшін басшыға жібереді – 15 минут;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды – 15 минут;

3

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстыруды жүзеге асырады, электрондық түрдегі өтiнiмді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық бөлiмшеге (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) келісу үшiн жібереді – 2 жұмыс күні;

4 4) аумақтық бөлiмше өтiнiмді қарайды және алдағы құрылыс салу аумағының астында пайдалы қазбалардың болуы немесе жоқ екендігі (олардың елеусіз екендігі) туралы өтінімді келісімдейді – 5 жұмыс күні;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды – 2 жұмыс күні;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 1 сағат;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды –

15 минут.

6 6. Келесі рәсімді (әрекетті) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекетінің) нәтижесі:

1 1) құжаттарды тіркеу және басшыға бұрыштама қоюға жіберу;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;

3 3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, өтінімді келісуге

жіберу;

4 4) өтінімді келісу;

5 5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау;

4 4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қою;

5 5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін жолдау.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара әрекет тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) аумақтық бөлімше;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

8 8. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) орындалу ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің

(әрекеттердің) кезеңділігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және бұрыштама қою үшін басшыға жібереді – 15 минут;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды – 15 минут;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстыруды жүзеге асырады, электрондық түрдегі өтiнiмді аумақтық бөлiмшеге келісу үшiн жібереді – 2 жұмыс күні;

4 4) аумақтық бөлiмше өтiнiмді қарайды және алдағы құрылыс салу аумағының астында пайдалы қазбалардың болуы немесе жоқ екендігі (олардың елеусіз екендігі) туралы өтінімді келісімдейді – 5 жұмыс күні;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды – 2 жұмыс күні;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 1 сағат;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды –

15 минут.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9 9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін және өтініш білдіру тәртібін сипаттау.

Көрсетілетін қызметті алушы порталда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ пароль арқылы тіркеуді іске асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады);
1-процесс – мемлекеттік қызметті алу үшін порталда ЖСН/БСН және паролін енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің түпнұсқалығын порталда тексеру;
2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түріне электрондық түрдегі Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдап алуы;
2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және қайта шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқ екендігін, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестігін тексеру;
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сауалды өңдеу үшін «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (сауалды) жолдау;
3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет алушы Стандартта көрсетілген және қызмет көрсетуге негіз болған қоса берген құжаттарының сәйкестігін тексеруі;
6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының портал қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық құжат түріндегі хабарлама) алуы.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет етуінің диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

10

10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілді.
«Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Қысқартылған сөздердің мағынасы:
ЭҮП АЖ – «электрондық үкімет» порталдың ақпараттық жүйесі;
ЭҮШ – «электрондық үкіметтің» шлюзі;
ЭҮӨШ АЖО – «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі автоматтандырылған жұмыс орны.
«Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

82 «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы _______________
№ ___________ қаулысымен
бекітілген
«Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кен іздеушілікке арналған лицензия Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11452 болып тіркелген) бекітілген «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес, қайта рәсімделген лицензия, лицензияның телнұсқасы немесе Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді түрдегі жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және бұрыштама қою үшін басшылыққа жібереді – 15 минут;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хат-хабармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды – 15 минут;

3

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 жұмыс күні ішінде қабылданған арыз туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырады, сонымен қатар құжаттардың толықтығын салыстыруды жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды – 5 жұмыс күн;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 1 жұмыс күні;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді – 15 минут.

6 6. Келесі рәсімдерді (әрекеттерді) орындалуына негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (әрекетінің) нәтижелері:

1 1) құжаттарды тіркеу және басшыға бұрыштама қоюға жіберу;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтау;

3 3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау;

4 4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қою;

5 5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара әрекет тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

8 8. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) орындалу ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің

(әрекеттердің) кезеңділігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және бұрыштама қою үшін басшылыққа жібереді – 15 минут;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хат-хабармен танысады және жауапты орындаушыны анықтайды – 15 минут;

3

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 жұмыс күні ішінде қабылданған арыз туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырады, сонымен қатар құжаттардың толықтығына салыстыруды жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды – 5 жұмыс күні;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды – 1 жұмыс күні;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді – 15 минут.

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілді.

«Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Қолданыстағы