Об утверждении перечня субъектов, имеющих право пользования вооружением и военной техникой
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня субъектов, имеющих право пользования вооружением и военной техникой
- Атауы (қаз.)
- Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 798
- Қабылданған күні
- 24.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2024 135539_723328.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000798
- ЭКБ идентификаторы
- 135539
- Редакция идентификаторы
- 135539_723328
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:06
0 Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға
құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қару-жарақ пен әскери техниканы
пайдалануға құқығы бар субъектілердің
тізбесі
1 1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi.
2 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi.
3 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
4 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.
5 5. Қазақстан Республикасының Экономикалық тергеу қызметі.
6 6. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
7 7. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.
8 8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі.
9. Азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен əскери бөлімдері.
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1 1. «Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
3 шілдедегі № 1006 қаулысы.
2 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі
№ 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы № 1804 қаулысы.
3 3. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 шілдедегі
№ 1006 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 қарашадағы № 1503 қаулысы.
4 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі
№ 1006 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қазандағы № 1138 қаулысы.
5 5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы
№ 100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2004 ж., № 4, 56-құжат).
6 6. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 996 қаулысы.
7 7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 қаңтардағы
№ 38 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2006 ж., № 4, 32-құжат).
8 8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы
28 сәуірдегі № 340 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 148-құжат).
9 9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі
№ 585 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 189-құжат).
10 10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы
№ 900 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 695-құжат).
11 11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы
№ 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 585-құжат).
12 12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қазандағы
№ 628 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 51, 333-құжат).