Об установлении и изменении границ села Баутино Тупкараганского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении и изменении границ села Баутино Тупкараганского района
- Атауы (қаз.)
- Баутин ауылының шекарасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 33/269
- Қабылданған күні
- 07.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2024 135556_736907.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19MF004006
- ЭКБ идентификаторы
- 135556
- Редакция идентификаторы
- 135556_736907
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:17
0 Түпқараған ауданының Баутин ауылының шекарасын белгілеу және өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы бірлескен қаулы және шешімге қосымшаға сәйкес Түпқараған ауданының Баутин ауылының шекарасы белгіленсін және өзгертілсін.
2
2. Түпқараған ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 493 және Түпқараған аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 қыркүйектегі №9/62 «Баутин поселкесінің шекарасын белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-6-71 болып тіркелген, 2008 жылғы 2 желтоқсанда «Ақкетік арайы» газетінің №57 (268) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3
3. Түпқараған ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 443 және Түпқараған аудандық мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 27/164 «25 қыркүйек 2008 жылғы «Баутин поселкесінің шекарасын белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың № 9/62 шешіміне және аудан әкімдігінің № 493 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» бірлескен қаулысы мен шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-6-115 болып тіркелген , 2010 жылғы 26 наурызда «Ақкетік арайы» газетінің № 31-32 (379-380) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4
4. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Кельбетова Э.) осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Берішбаева А.) жүктелсін.
6 6. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Түпқараған ауданының Баутин ауылының шекарасының схематикалық картасы
Түпқараған ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 7 қазандағы № 162 және
Түпқараған аудандық мәслихатының
2019 жылғы 7 қазандағы № 33/269
бірлескен қаулысы және шешіміне
қосымша
Түпқараған ауданының Баутин ауылының шекарасының схематикалық картасы
Түпқараған ауданының Баутин ауылының жерлерінің экспликациясы
Атауы
Ауданы, гектар
Жерлерді қосқанға дейінгі Баутин ауылының шекарасындағы жерлердің ауданы
1270,8775
Баутин ауылының шекарасына қосылатын жерлердің ауданы
943,2178
Жерлерді қосқаннан кейінгі Баутин ауылының шекарасындағы жерлердің ауданы
2214,0953, елді мекеннің жерлері