О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, здравоохранения работающим в сельских населенных пунктах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, здравоохранения работающим в сельских населенных пунктах
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет спорт, ветеринария, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 56-3
- Қабылданған күні
- 24.10.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.10.2021 135567_544475.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19GF004369
- ЭКБ идентификаторы
- 135567
- Редакция идентификаторы
- 135567_544475
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:07
0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік
денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,
спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып
алу үшін көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Меркі ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеренария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін көмек беру туралы» 2016 жылғы 20 мамырдағы №3-5 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3113 болып тіркелген, 2016 жылдың 1 шілдесінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Меркі аудандық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Меркі ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
Мерке аудандық мәслихатының
2019 жылғы « 24 » қазандағы
№56-3 шешіміне қосымша
Меркі ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Меркі ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі - мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.