Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан Улытауского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан Улытауского района
- Атауы (қаз.)
- Ұлытау ауданы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 31/2
- Қабылданған күні
- 25.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 01.04.2020 135583_451715.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KP005510
- ЭКБ идентификаторы
- 135583
- Редакция идентификаторы
- 135583_451715
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:05
0 Ұлытау ауданы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жұмыс орындарының квотасы:
1 1) Ұлытау ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1 % мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін;
2 2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1 % мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін;
3 3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1 % мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Ұлытау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі «Ұлытау ауданы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 13/01 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4234 болып тіркелген, "Ұлытау өңірі" № 21 (6095) газетінде 2017 жылғы 20 мамырда, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электрондық түрде 2017 жылғы 10 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ұлытау ауданы ұйымдарының тізімі
Ұлытау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы « » № _____
қаулысына 1 қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ұлытау ауданы ұйымдарының тізімі
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (%)
қызметкерлердің тізімдік санынан
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1
«Ұлытау ауданының көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
20
1
1
2
«Ұлытау аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
80
1
1
3
«Ұлытау аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны
50
1
1
1 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ұлытау ауданының ұйымдарының тізімі
Ұлытау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы « » № _____
қаулысына 2 қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ұлытау ауданының ұйымдарының тізімі
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (%)
қызметкерлердің тізімдік санынан
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындары ның саны
1
«Ұлытау ауданының көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
20
1
1
2
«Ұлытау аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
80
1
1
3
«Ұлытау аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны
50
1
1
2 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ұлытау ауданының ұйымдарының тізімі
Ұлытау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы « » № _____
қаулысына 3 қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ұлытау ауданының ұйымдарының тізімі
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (%)
қызметкерлердің тізімдік санынан
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
1
«Ұлытау ауданының көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
20
1
1
2
«Ұлытау аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
80
1
1
3
«Ұлытау аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны
50
1
1