Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 317
- Қабылданған күні
- 08.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2020 135585_463217.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VO006230
- ЭКБ идентификаторы
- 135585
- Редакция идентификаторы
- 135585_463217
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:16
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1- тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1- тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 145 «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-15-114 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 20 маусымда электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының көлемі
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 қазандағы
№ 317 қаулысына
қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының көлемі
№
Ауылдық округ, кент әкімшіліктердің атауы
Ұйымдар атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
(адам)
Квотаның көлемі
(% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Квота бойынша жұмыс орындар саны
1
Көкпекті ауылы
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
107
3
3
2
Самар ауылы
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Көкпекті ауданаралық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
157
3
5
Барлығы
264
3
8