Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с изготовлением документов, удостоверяющих личность

Бұйрық · № 924 · қабылданған 24.10.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-135589/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с изготовлением документов, удостоверяющих личность Қолданыста Бұйрық ·№ 924 ·24.10.2019
01.07.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с изготовлением документов, удостоверяющих личность

Қолданыста Бұйрық ·№ 924 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с изготовлением документов, удостоверяющих личность
Атауы (қаз.)
Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
924
Қабылданған күні
24.10.2019
Көрсетілген редакция
01.07.2022 135589_581375.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019520
ЭКБ идентификаторы
135589
Редакция идентификаторы
135589_581375
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:06

0 Жеке басты куәландыратын

құжаттарды дайындаумен
технологиялық байланысты
қызмет түрлерінің тізбесін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.Қ. Байболов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

8 Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы «___» ____
№ ___ бұйрығына
қосымша
Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындаумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

1 1. Жүргізуші куәліктерін дайындау.

2 2. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер дайындау.

3 3. Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін дайындау.

Қолданыстағы