Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Косагал Аулиекольского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Косагал Аулиекольского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қосағал ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 28.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2020 135618_461577.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NG008723
- ЭКБ идентификаторы
- 135618
- Редакция идентификаторы
- 135618_461577
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:04
0 Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қосағал ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 4 қазандағы № 01-23/279 ұсынысы негізінде Қосағал ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қосағал ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Әулиекөл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.