Құжат мәтініне өту

Об определении порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность Акмолинской области за счет бюджетных средств

Өзге акт · № 6С-38-6 · қабылданған 25.10.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-135635/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность Акмолинской области за счет бюджетных средств Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С-38-6 ·25.10.2019
21.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность Акмолинской области за счет бюджетных средств

Күшін жойған Өзге акт ·№ 6С-38-6 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность Акмолинской области за счет бюджетных средств
Атауы (қаз.)
Бюджет қаражаты есебінен Ақмола облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-38-6
Қабылданған күні
25.10.2019
Көрсетілген редакция
21.12.2021 135635_551089.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19B0007445
ЭКБ идентификаторы
135635
Редакция идентификаторы
135635_551089
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:05

0 Бюджет қаражаты есебінен Ақмола облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен Ақмола облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері айқындалсын.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысының денсаулық сақтау
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысының экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі

3 Бюджет қаражаты есебінен Ақмола облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

Ақмола облыстық мәслихатының
2019 жылғы 25 қазандағы
№ 6С-38-6 шешіміне
қосымша
Бюджет қаражаты есебінен Ақмола облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1 1. Жалпы ереже

1

1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес әзірленді және бюджет қаражаты есебінен Ақмола облысының ауылдық жерлеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

2

2. Ауылдық жерге жұмыс істеуге жіберілген медицина қызметкері (бұдан әрі – қызметкер) – жұмыс берушімен шарт жасасқан, 2019 жылы және келесі жылдары оқу бітірген түлектер, ауылдық жерге жұмыс істеуге жолданған, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім алған, маманның тиісті сертификаты бар жеке тұлға.

3

3. Ауылдық жерге жұмыс істеуге жіберілген фармацевтика қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) – жұмыс берушімен шарт жасасқан, 2019 жылы және келесі жылдары оқу бітірген түлектер, ауылдық жерге жұмыс істеуге жолданған, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білім алған, маманның тиісті сертификаты бар жеке тұлға.

4 4. Әлеуметтік қолдау көрсету бойынша уәкілетті орган - «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган).

5 5. Жұмыс беруші – медицина және фармацевтика қызметкерімен еңбек шартын жасасқан, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік медициналық ұйым.

2 2. Медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

5 5. Қызметкер әлеуметтік қолдау алу үшін уәкілетті органға:

1 1) еркін нысандағы жазбаша өтініш;

2 2) жеке куәліктің көшірмесін;

3 3) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық немесе фармацевтикалық білімі туралы дипломның көшірмесін;

4 4) еңбек кітапшасының көшірмесін;

5 5) мемлекеттік медициналық ұйымға жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесін;

6 6) 3х4 фото (2 дана);

7 7) еңбек шартының көшірмесін;

8 8) банкте шот ашқаны туралы анықтаманы ұсынады.

6 6. Әлеуметтік қолдау облыстық бюджет қаражатының есебінен 1 000 000 (бір миллион) теңге көлеміндегі біржолғы төлемнен тұрады.

7 7. Біржолғы төлем қызметкер мен медициналық ұйым арасында еңбек шарты жасалғаннан кейін, екінші деңгейлі банкте ашылған қызметкердің есепшотына аудару арқылы төленеді.

8 8. Жұмыскермен еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс беруші ол туралы уәкілетті органды 10 жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар ету қажет.

Қолданыстағы