Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача справки о регистрации в качестве безработного»

Қаулы · № А-11/513 · қабылданған 28.10.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-135665/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача справки о регистрации в качестве безработного» Күшін жойған Қаулы ·№ А-11/513 ·28.10.2019
30.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача справки о регистрации в качестве безработного»

Күшін жойған Қаулы ·№ А-11/513 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача справки о регистрации в качестве безработного»
Атауы (қаз.)
«Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-11/513
Қабылданған күні
28.10.2019
Көрсетілген редакция
30.06.2020 135665_469586.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19B0007461
ЭКБ идентификаторы
135665
Редакция идентификаторы
135665_469586
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:04

0 «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Ыдырысовқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы «___»________
№ _______ қаулысымен
бекітілген
«Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысы аудандарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының халықты жұмыспен қамту орталықтарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркеу туралы қағаз түріндегі анықтама немесе Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметтің көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1 1) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдайды, тіркейді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды – 20 минут;

2 2) басшы құжаттарды қарайды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды - 20 минут;

3 3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді – 20 минут.

6 6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:

1 1) тіркеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау;

2 2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қою;

3 3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) жауапты орындаушы;

2 2) басшы.

8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

1 1) жауапты орындаушы құжаттарды қабылдайды, тіркейді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды – 20 минут;

2 2) басшы құжаттарды қарайды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды – 20 минут;

3 3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді – 20 минут.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімінің (іс-қимылының), өзара іс-қимылының реттілігін толық сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Қолданыстағы