О ликвидации некоторых республиканских государственных казенных предприятий Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ликвидации некоторых республиканских государственных казенных предприятий Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын тарату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 823
- Қабылданған күні
- 01.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 135736_592515.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000823
- ЭКБ идентификаторы
- 135736
- Редакция идентификаторы
- 135736_592515
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:00
0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң
кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын
тарату туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары таратылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40,
522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:
реттік нөмірлері 35, 37 және 39-жолдар алып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің таратылатын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің таратылатын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының
тiзбесi