Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения и Министра здравоохранения и социального развития в области здравоохранения

Бұйрық · № ҚР ДСМ-140 · қабылданған 05.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-135869/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения и Министра здравоохранения и социального развития в области здравоохранения Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-140 ·05.11.2019
21.12.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения и Министра здравоохранения и социального развития в области здравоохранения

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-140 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения и Министра здравоохранения и социального развития в области здравоохранения
Атауы (қаз.)
«Денсаулық сақтау министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-140
Қабылданған күні
05.11.2019
Көрсетілген редакция
21.12.2020 135869_504748.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019555
ЭКБ идентификаторы
135869
Редакция идентификаторы
135869_504748
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:58

0 «Денсаулық сақтау министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы
1-тармағының 11) тармақшасына, 23-бабының 2-тармағына, 25-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі -Тізбе) бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген

іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2019 жылғы _________
№ ______ бұйрығына
қосымша
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі

1

2

2. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 шілдеде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларында:
31-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Отбасы денсаулығы орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің қызметкерлері (дәрігерлер мен орта медицина персоналы, оның ішінде мектеп мейіргері)»;
36-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі –ТҚСҚБК) және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі –ТҚСҚБК АД).»
мынадай мазмұндағы 43-1 - тармақпен толықтырылсын:
«43-1. Аумақтық учаскенің дәрігері осы Қағидалардың 43 тармағына сәйкес ұсынысты қалыптастыру кезінде, ЖБНЫК Әдістемесіне сәйкес есепті кезеңдегі МСАК субъектісінің аумақтық учаскесі деңгейіне дейін автоматты түрде есептелген КЖНЫК сомасының мынадай шекті мәндерін ескере отырып, қызметкерлер арасында КЖНЫК сомасын бөлу арақатынасын айқындайды:

1 1) аумақтық учаскенің дәрігеріне (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) бір атқарып отырған мөлшерлемеге 30%-дан кем емес және 45%-дан аспайтын арақатынаста;

2 2) жалпы практика учаскелік мейіргері, терапиялық және педиатриялық учаскелік мейіргері бір атқарып отырған мөлшерлемеге 10%-дан кем емес және 30%-дан аспайтын арақатынаста;

3 3) әлеуметтік қызметкер мен психологқа 2%-дан кем емес және 4%-дан аспайтын арақатынаста;

4 4) акушер-гинекологқа және (немесе) акушерге 2%-дан кем емес және 5% - дан аспайтын арақатынаста.»;

44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторларына қол жеткізгені үшін жалпы дәрігерлік практика және (немесе) учаскелік қызмет бөлімшелерінің меңгерушісіне / аға мейіргеріне көтермелеу туралы ұсыну түрінде түпкілікті нәтиже индикаторларына қол жеткізгені үшін аға мейіргер мен аға акушерге көтермелеу туралы ұсынуды оның қарамағындағы қызметкер көрсететін қызметтердің көлемі мен сапасына қол жеткізгені үшін қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын бөлімше меңгерушісі қалыптастырады.
Жалпы дәрігерлік практика бөлімшесінің немесе учаскелік қызметтің аға мейіргеріне, акушерлік-гинекологиялық бөлімшенің (кабинеттердің) аға акушеріне КЖНЫК сомасын есептеу осы қызметкер оның қарамағындағы бөлімшенің меңгерушісі айқындаған кемінде 1,0 және 1,25-тен аспайтын арақатынаста жетекшілік ететін бөлімшенің учаскелік мейіргерлерінің КЖНЫК орташа сомасынан жүзеге асырылады.»;
45-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Жалпы дәрігерлік практика бөлімшесінің немесе учаскелік қызметтің меңгерушісіне, акушерлік-гинекологиялық бөлімшенің (кабинеттердің) меңгерушісіне КЖНЫК сомасын есептеу МСАК субъектісінің басшысы немесе оның орынбасары айқындаған кемінде 1,0 және 1,25-тен аспайтын арақатынаста жетекшілік ететін бөлімшенің дәрігерлік персоналының КЖНЫК орташа сомасынан жүзеге асырылады.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Дербес Отбасы денсаулығы орталығының немесе дәрігерлік амбулаторияның басшысына КЖНЫК сомасының мөлшері МСАК субъектісі дәрігерлік персоналының КЖНЫК орташа сомасынан кемінде 1,0 және 1,25 арақатынасита комиссияның шешімі бойынша айқындалады және оны комиссия осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі қызметінің түпкілікті нәтиже индикаторларына қол жеткізгені үшін дербес Отбасы денсаулығы орталығының немесе дәрігерлік амбулаторияның басшысына көтермелеу мөлшерін айқындау туралы хаттама түрінде ресімдейді.»;
51-тармақта:
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«ӘМСҚ аумақтық бөлімшелерінің медициналық қызметтердің сапасын бақылау бойынша жүргізген сараптама нәтижелері бойынша бұзушылықтардың болмауы.»;
Денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларына 1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;

3

1-1 Денсаулық сақтау субъектісінің медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау өлшемшарттары

Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
1-қосымша
Денсаулық
сақтау ұйымдарының
қызметкерлерін көтермелеу
қағидаларына 1-қосымша
Денсаулық сақтау субъектісінің медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау өлшемшарттары

р/с
Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы
Ақ­па­рат кө­зі
Ти­ім­ді­лі­гі
1
Па­ци­ент­тер­дің құқық­та­ры­ның бұ­зы­луы­на бай­ла­ны­сты негіз­дел­ген жа­з­ба­ша және ауыз­ша ша­ғым­дар­дың бо­луы
Ұй­ым бас­шы­сы­ның ке­лу­ші­лер­ді қа­был­дау жур­на­лы, аза­мат­тар­дың жа­з­ба­ша өті­ніш­те­рін есеп­ке алу жур­на­лы, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің бло­гы­на өті­ніш­тер, ТҚСҚБК-ның тек­се­ру па­рақ­та­ры мен ак­ті­ле­рі
Тө­мен­де­уі
2
Ем­деу мен ди­а­гно­сти­ка­лау нәти­же­сін­де туын­да­ған ал­дын алу­ға бо­ла­тын өлім­мен аяқ­тал­ған жағ­дай­лар­дың, ас­қы­ну­лар­дың, оның ішін­де па­ци­ент­тің мү­ге­дек­ті­гіне әкел­ген жағ­дай­лар­дың бо­луы
Ста­ци­о­нар­лық на­у­қа­стың ста­ти­сти­ка­лық кар­та­ла­ры, па­ци­ент­ті қол­дау мен іш­кі ба­қы­лау (аудит) қыз­ме­ті­нің бас­шы­сы бе­кіт­кен бө­лім­ше мең­ге­ру­ші­сі­нің неме­се ко­мис­си­я­ның қо­ры­тындысы, са­рап­та­ма­лық тек­се­ріс ак­ті­ле­рі, ӨЖЗК* оты­ры­ста­ры­ның хат­та­ма­ла­ры және ТҚСҚБК -ның тек­се­ру па­рақ­та­ры мен ак­ті­ле­рі
Тө­мен­де­уі
3
Мем­ле­кет­тік ба­қы­лау нәти­же­сі бой­ын­ша бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы
ТҚСҚБК АД-ның тек­се­ру па­рақ­та­ры мен ак­ті­ле­рі
Тө­мен­де­уі
4
Па­ци­ент­тер­дің қай­та жос­пар­лан­ба­ған ке­ліп тү­су жағ­дай­ла­ры­ның бо­луы (са­рап­та­ма­мен рас­тал­ған)
Мта­ци­о­нар­лық на­у­қа­стың элек­трон­дық тір­ке­лі­мі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның осы және бас­қа да ста­ци­о­нар­ла­ры­на дәл бір ау­ру се­бе­бі бой­ын­ша жа­зы­лып шық­қан күн­нен ба­стап бір ай­дың ішін­де қай­та ем­де­у­ге жат­қы­зу жағ­дай­ла­ры
Тө­мен­де­уі
5
Кли­ни­ка­лық және па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық ди­а­гноз­дар­дың қай­шы ке­лу жағ­дай­ла­ры­ның бо­луы
Па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық зерт­те­удің хат­та­ма­сы мен па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық кон­фе­рен­ция оты­ры­сы­ның хат­та­ма­сы
Тө­мен­де­уі
6
Жо­ға­ры тех­но­ло­ги­я­лық ме­ди­ци­на­лық көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер (бұ­дан әрі – ЖТМҚ) ен­гі­зу
Ста­ци­о­нар­лық на­у­қа­стар­дың элек­трон­дық тір­ке­лі­мі
Ал­дың­ғы жыл­дың ұқсас ке­зе­ңі­мен са­лы­стыр­ған­да есеп­ті ке­зең­де орын­дал­ған ЖТМҚ-ның са­ны
Ұл­ға­юы
7
Бак­те­рия шы­ға­ра­тын на­у­қа­стар­ды ем­деу про­це­сін­де қа­қы­рық жа­ғындыс­ы­ның кон­вер­си­я­сы­на қол жет­кі­зу**
Ту­бер­ку­лез­бен ауы­ра­тын на­у­қа­стың ме­ди­ци­на­лық кар­та­сы, Ту­бер­ку­лез­бен ауы­ра­тын на­у­қа­стар­дың ұлт­тық тір­ке­лі­мі
Ұл­ға­юы
8
Ту­бер­ку­лез­бен ауы­ра­тын на­у­қа­стар­дың ту­бер­ку­лез­ге қар­сы пре­па­рат­тар­ды қа­был­да­уды өт­кі­зіп ал­мауы**
Ту­бер­ку­лез­бен ауы­ра­тын на­у­қа­стың ме­ди­ци­на­лық кар­та­сы, Ту­бер­ку­лез­бен ауы­ра­тын на­у­қа­стар­дың ұлт­тық тір­ке­лі­мі
Ұл­ға­юы
9
18 жас­қа дей­ін­гі аборт жа­сау жағ­дай­ла­ры
Ста­ци­о­нар­лық на­у­қа­стар­дың элек­трон­дық тір­ке­лі­мі: «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2010 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы № 907 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген № 066/е ны­сан­ды ста­ти­сти­ка­лық кар­та (бұ­дан әрі – СНЭТ: № 066/е ны­са­ны);
Ав­то­мат­тан­ды­ры­лы­ған ақ­па­рат­тық жүйе – Ем­ха­на: «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2010 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы № 907 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген 025-5/е ны­сан ам­бу­ла­то­ри­я­лық па­ци­ент­тің ме­ди­ци­на­лық кар­та­сы
2.7-ден аз
10
Бе­кі­ті­л­ген ха­лық іші­нен қант диа­бе­ті­нің ас­қы­ну­ла­ры­мен ем­де­у­ге жат­қы­зы­л­ған на­у­қа­стар­ды ем­де­у­ге жат­қы­зу дең­гейі
СНЭТ: № 066/е ны­са­ны
Тө­мен­де­уі
11
Бе­кі­ті­л­ген ха­лық іші­нен со­зыл­ма­лы рас­тал­ған те­мір тап­шы­лы­ғы ане­ми­я­сы­мен ем­де­у­ге жат­қы­зы­л­ған на­у­қа­стар­ды ем­де­у­ге жат­қы­зу дең­гейі
СНЭТ: № 066/е ны­са­ны
Тө­мен­де­уі

1-2 Өзгерістер мен толықтырулар

енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
2-қосымша

1-3 Өзгерістер мен толықтырулар

енгізілетін денсаулық сақтау
саласындағы кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
3-қосымша

Қолданыстағы