Об утверждении Перечня и сроков оснащения производственных объектов, подлежащих оснащению приборами учета сырой нефти, газового конденсата, сырого газа и продуктов его переработки (товарного газа)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня и сроков оснащения производственных объектов, подлежащих оснащению приборами учета сырой нефти, газового конденсата, сырого газа и продуктов его переработки (товарного газа)
- Атауы (қаз.)
- Шикi мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 357
- Қабылданған күні
- 04.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2024 135876_674924.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019559
- ЭКБ идентификаторы
- 135876
- Редакция идентификаторы
- 135876_674924
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:00
0 Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесін және оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесі және оларды жарақтандыру мерзімдері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
1 Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесі және оларды жарақтандыру мерзімдері
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 4 қарашадағы № 357
бұйрығымен бекітілген
Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесі және оларды жарақтандыру мерзімдері
Өндірістік объектілердің тізбесі
Жарақтандыру мерзімдері
1-тарау. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды өндіру, сондай-ақ шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газ) дайындау
1.
Шикі мұнайды дайындау және айдау цехы
2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін
2.
Газ конденсатын дайындау және айдау қондырғысы
2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін
2-1.
Шикі газды кешенді дайындау қондырғысы
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін
2-2.
Шикі газды технологиялық еріксіз жағуға арналған алау қондырғысы
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін
2-3.
Шикі газды өзінің технологиялық қажеттіліктеріне пайдалануға арналған қондырғылар
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін
2-4.
Шикі газды кері айдау қондырғылары
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін
3.
Шикі мұнай мен газ конденсатын сақтауға арналған резервуарлық парктер
2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін
3-1.
Тауарлық газды сақтауға арналған жерасты газ қоймалары
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін
4.
Құю-төгуге арналған автомобиль, теміржол эстакадалары және құбыр (құю-төгу пункттері)
2021 жылғы 1 шілдеге дейін
5.
Шикі мұнайды және газ конденсатын қабылдау-тапсыру пункттері (мұнай құбыры арқылы тапсыру)
2021 жылғы 1 шілдеге дейін
5-1.
Тауарлық газды қабылдау-тапсыру (беру) пункттері
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін
2-тарау. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) тасымалдау
6.
Мұнай құбыры арқылы шикі мұнайды және газ конденсатын қабылдау-тапсыру пункттері
2021 жылғы
1 шілдеге дейін
6-1.
Газ құбыры бойынша шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) қабылдау-тапсыру (беру) пункттері
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін
7.
Шикі мұнай мен газ конденсатын сақтауға арналған резервуарлық парктер
2022 жылғы
1 қыркүйекке дейін
8.
Құю-төгуге арналған автомобиль, теміржол эстакадалары және құбырлар (құю-төгу пункттері)
2021 жылғы
1 шілдеге дейін
3-тарау. Мұнай терминалдары
9.
Құю-төгуге арналған автомобиль, теміржол эстакадалары және құбырлар (құю-төгу пункттері)
2021 жылғы 1 шілдеге дейін
10.
Қабылдау-тапсыру пункттері (мұнай мен газ конденсатын қабылдау, сақтау, тапсыру)
2021 жылғы 1 шілдеге дейін
11.
Шикі мұнай мен газ конденсатын сақтауға арналған резервуарлық парктер
2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін
4-тарау. Мұнай өңдеу және газ өңдеу зауыттары
12.
Қабылдау-тапсыру пункттері (мұнай құбырынан шикі мұнай мен газ конденсатын қабылдау)
2021 жылғы 1 шілдеге дейін
12-1.
Шикі тауарлық газды қабылдау-тапсыру пункттері
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін
13.
Төгуге арналған автомобиль, теміржол эстакадалары және құбыр
2021 жылғы 1 шілдеге дейін
14.
Шикі мұнай мен газ конденсатын сақтауға арналған резервуарлық парктер
2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін
5-тарау. Битум зауыттары
15.
Қабылдау-тапсыру пункттері (мұнай құбырынан шикі мұнай мен газ конденсатын қабылдау)
2021 жылғы 1 шілдеге дейін
16.
Құю-төгуге арналған автомобиль, теміржол эстакадалары және құбырлар (құю-төгу пункттері)
2021 жылғы 1 шілдеге дейін
17.
Шикі мұнай мен газ конденсатын сақтауға арналған резервуарлық парктер
2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін