О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 819
- Қабылданған күні
- 01.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 01.11.2019 135881_426719.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019564
- ЭКБ идентификаторы
- 135881
- Редакция идентификаторы
- 135881_426719
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:00
0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
7 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы «__» _________
№ _____ бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1
1. «Кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10343 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме тарихын үздіксіз тіркеу журналын жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кеменiң меншiк иесi – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқаруышысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11125 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықты мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға;».
2
2. «Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15577 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық нұсқада 2017 жылғы 12 қыркүйекте жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кәсіби диплом үлгісі, кәсіби диплом растамасының үлгісі осы тізімге 1 және 2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген теңізшілерге диплом беру қағидаларында:
3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) кәсіби диплом растамасы – шетелдік кәсіби дипломды танитынын немесе кәсіби дипломның берілуін куәландыратын құжат (қатардағы құрамның дипломдарын қоспағанда);»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатты мемлекеттік және ағылшын тілдерінде Порттың теңіз әкімшілігі береді.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Кәсіби дипломның жарамдылық мерзімі өткенге дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей осы дипломның иесі оның мерзімін ұзарту үшін Порттың теңіз әкімшілігінің басшысының атына еркін нысандағы өтінішті, сондай-ақ мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
1) медициналық қорытынды;
2) ТДВА курстарынан өту туралы құжаттар;
3) алдыңғы 5 жыл ішінде жалпы 1 жыл мерзімде немесе тікелей мерзімді ұзарту алдында 6 ай ішінде 3 ай бойы кемеде жұмыс істеу туралы растайтын құжаттар және кәсіптік дипломға немесе теңіз көлігі саласында:
Кеме жүргізушілері үшін:
1) лоцман;
2) басқарушы лауазымындағы кеме қатынасы компаниясының қызметкері;
3) кеме жүргізуші біліктілігі бар әскери-теңіз флотының офицері.
Кеме механиктері үшін:
1) кеме қатынасы компаниясының техникалық инспекторы;
2) теңіз құрылғыларында электростанциялық құрылғыларды эксплуатациялайтын механик болып жұмыс істейтін маман;
3) кеме механик біліктілігі бар әскери-теңіз флотының офицері.»;
25-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) куәландырылған білім беру ұйымы берген кеме жүргізу саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алғаны туралы құжат;»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитаны аға көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/2 ережесінің 4.1 және 4.3-тармақтарына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген кеме жүргізу саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алғаны туралы құжат;
2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны вахталық көмекшісінің кәсіби дипломы;
3) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі;
4) «Кемедегі медициналық күтім» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны аға көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА II/2 ережесінің 2-тармағына сәйкес болуы тиіс және онда мыналар болуы қажет:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген кеме жүргізу саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алғаны туралы құжат;
2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны вахталық көмекшісінің кәсіби дипломы;
3) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде 12 айдан кем емес жүзу стажы;
4) «Кемедегі медициналық күтім» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.»;
28-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде 24 айдан немесе аға көмекшісі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі.»;
29-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде 24 айдан немесе аға көмекшісі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі.»;
30-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) куәландырылған білім беру ұйымы берген кеме жүргізу саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алғаны туралы құжат;»;
32-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) куәландырылған білім беру ұйымы берген кемелік күштік қондырғыларды пайдалану саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алғаны туралы құжат;»;
33-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі.»;
34-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі.»;
37-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) куәландырылған білім беру ұйымы берген Кемелік электр жабдықтарын және автоматиканы пайдалану саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алғаны туралы құжат;»;
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«69. Кемені күзету үшін жауапты теңізшіде ТДВА VI/5 ережесіне және кодексінің A-VI/5 бөліміне сәйкес «Кеменің командалық құрамының кемені күзету үшін жауапты тұлғаларын даярлау» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі, сондай-ақ 12 айдан кем емес жүзу өтілі болады.»;
75-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ТДВА талаптарына сәйкес берілген медициналық куәліктің көшірмесі.»;
81 және 82 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«81. Уәкілетті орган егер кәсіби дипломдарды өзара тану жөніндегі халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, дипломды берген тарапты бағалайды, ол даярлау орталықтарын және рәсімдерді ТДВА құзыреттілік стандарттары, даярлау және диплом беруге қатысты талаптарын, сондай-ақ сапа стандарттарының сақтау тексерісін қамтиды.
Теңізшілерді даярлау және диплом беру жүйесінде қандай да бір елеулі өзгерістер болған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы барлық мүдделі тараптарға хабарлайды.
82. Шет мемлекеттің құзыретті органынан кәсіби дипломның төлнұсқалығын растамасын алғаннан кейін 1 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Порттың теңіз әкімшілігі өтініш берушіге Комиссия өткізетін әңгімелесудің орны, күні және уақыты туралы хабарлайды.
Әңгімелесу шет мемлекеттің құзыретті органынан кәсіби дипломның төлнұсқасының растамасын алғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде өткізіледі.
Өтініш беруші шет мемлекеттің құзыретті органынан кәсіби дипломның түпнұсқалығын растауды алған сәтте рейсте болған жағдайда әңгімелесу өтініш берушіден рейстен қайтып оралғаны туралы хабарлама алғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.
Кәсіби дипломның растамасын беру Комиссияның оң шешімінен кейін жүзеге асырылады.».
3
3. «Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 602 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19199 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық нұсқада 2019 жылғы 12 тамызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Танкерлер үшін теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтері үшін тарифтерді табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган реттейді.»;
5-тармақтың 2) тармақшасында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Навигациялық орталықтың қызметтерін пайдалану «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 156-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін бағалар (тарифтер) бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақтау портының навигациялық қызметтері (навигациялық құралдарын пайдалану) үшін бағалар (тарифтер) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтеріне сәйкес қолданылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Теңіз портының иесі және навигациялық орталық кемелерге (субстандартты не шығарылғанына жиырма жылдан асқан), оның ішінде осы теңіз портының акваториясына кіретін шетелдік кемелерге қатысты теңіз портының міндетті көрсететін қызметтеріне арналған тарифтерге тәуекел коэффициенттерін қолдануға құқылы.
Тәуекел коэффициенттерінің мөлшерін теңіз портының иесі, навигациялық қызметтер көрсетуге қатысты сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы айқындайды.
Бұл ретте, тәуекел коэффициенттерінің мөлшерін келесіден аспауы керек:
20 жылдан асқан және 25 жылға дейінгі кемелер үшін – теңіз портының міндетті қызметінен 30 % құрайды;
25 жылдан асқан кемелер үшін – теңіз портының міндетті қызметінен 50 % құрайды.».
1 Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 504 бұйрығына
1-қосымша
ТҮЗЕТУЛЕРІМЕН, 1978 ЖЫЛҒЫ ТЕҢІЗШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ДИПЛОМ БЕРУ ЖӘНЕ ВАХТАНЫ АТҚАРУ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ БЕРІЛГЕН ДИПЛОМ
________________________________________________________________
________________________________________________________________ жоғарыда көрсетілген түзетулерімен, Конвенция ______ қағидасының ережелеріне сәйкес тиісті біліктілігі барын және __________________ дейін кез келген көрсетілген шектеулерді ескере отырып, көрсетілген деңгейлерде төмендегі функцияларды орындауға қабілеттілігін куәландырады:
CERTIFICATE ISSUED UNDER THE PROVISIONS OF THE INTERNATIONAL CONVENTION ON STANDARDS OF TRAINING, CERTIFICATION AND WATCHKEEPING FOR SEAFARERS, 1978, AS AMENDED
_________________________________ certifies that __________________ ____________________________________________________ has been found duly qualified in accordance with the _________ provisions of Regulation ______ of the above Convention, as amended, and has been found competent to perform the following functions at the level specified, subject to any limitations indicated until _______________:
Дипломның иесі кемелерді экипаждармен қауіпсіз жасақтауға қойылатын Қазақстан Республикасының талаптарында көрсетілген мынадай лауазымда немесе лауазымдарда жұмыс істей алады:
The lawful holder of this Certificate may serve in the following capacity or capacities specified in the safe manning requirements of the Republic of Kazakhstan:
Диплом / Сertificate № __________
Дипломды беру күні /
Date of issue ______________
Мөр орны / Official Seal _____________
Диплом иесінің суреті /
Photograph of the holder
of the certificate
Уәкілетті адамның қолы /
Signature of duly authorized person
________________________________
Уәкілетті адамның тегі /
Name of duly authorized person
Осы дипломның түпнұсқасы Конвенция I/2 ережесінің 11-тармағына сәйкес кемеде, онда оның иесі жұмыс істегенше болуы тиіс.
The original of this certificate must be kept available in accordance with Regulation I/2 paragraph 11 of the Convention while its holder is serving on a ship.
Диплом иесінің туған күні /
Date of birth of the holder of the certificate ____________________
Диплом иесінің қолы /
Signature of the holder of the certificate ____________________
2 Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 504 бұйрығына
2-қосымша
ТҮЗЕТУЛЕРІМЕН, 1978 ЖЫЛҒЫ ТЕҢІЗШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ДИПЛОМ БЕРУ ЖӘНЕ ВАХТАНЫ АТҚАРУ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ДИПЛОМ ТАНУЫН КУӘЛАНДЫРАТЫН РАСТАМА
____________________________________________________________________
берген № _________ дипломды __________________ дейін, жоғарыда көрсетілген түзетулерімен Конвенцияның I/10 қағидасына сәйкес танитынын куәландырады, бұл ретте оның иесіне көрсетілген шектеулерді ескере отырып, көрсетілген деңгейлерде төмендегі функцияларды орындауға рұқсат етіледі:
ENDORSEMENT ATTESTING THE RECOGNITION OF A CERTIFICATE UNDER THE PROVISIONS OF THE INTERNATIONAL CONVENTION ON STANDARDS OF TRAINING, CERTIFICATION AND WATCHKEEPING FOR SEAFARERS, 1978, AS AMENDED
_________________ certifies that certificate No. ____________ issued to ________________________ by __________________ is recognized in accordance with the provisions of regulation i/10 of the above Convention, as amended, and its holder is authorized to perform the following functions, at the levels specified, subject to limitations indicated until _______________:
Осы растаманың иесі кемелерді экипаждармен қауіпсіз топтауға қойылатын талаптарында көрсетілген мынадай лауазымда немесе лауазымдарда қызмет ете алады:
The holder of this endorsement may serve in the following capacity or capacities specified in the applicable safe manning requirements:
Растама / Endorsement № _____________
Беру күні / Date of issue ______________
Мөр орны / Official Seal _____________
Растама иесінің суреті
Photograph of the holder
of the certificate
Уәкілетті адамның қолы /
Signature of duly authorized official
________________________________
Уәкілетті адамның тегі/
Name of duly authorized official
Осы растаманың түпнұсқасы Конвенция I/2 Қағидасының 11-тармағына сәйкес кемеде, онда оның иесі жұмыс істегенше болуы тиіс.
The original of this endorsement must be kept available in accordance with regulation I/2, paragraph 11, of the Convention while its holder is serving on a ship.
Растама иесінің туған күні / Date of birth of the holder of the certificate ______________
Растама иесінің қолы / Signature of the holder of the certificate ___________________