Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Курчум на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 386 · қабылданған 06.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-135917/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Курчум на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 386 ·06.11.2019
06.11.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Курчум на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 386 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Курчум на территории Курчумского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы Күршім өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
386
Қабылданған күні
06.11.2019
Көрсетілген редакция
06.11.2019 135917_426862.kaz
Соңғы өзгеріс
06.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19V0006270
ЭКБ идентификаторы
135917
Редакция идентификаторы
135917_426862
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:57

0 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы

Күршім өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының
8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және
су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданының аумағындағы Күршім өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы Күршім өзенінің су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

2 2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Күршім ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Қ. Баймағамбетов
2019 жылғы «___»_______________

11 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы Күршім өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2019 жылғы «____» __________
№ ________ қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағындағы Күршім өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Күршім өзені:
сол жағалау
146,6
7328,4
500
163,6
1636,0
100
оң жағалау
157,8
7889,3
500
166,47
1664,7
100
урбанизацияланған
аумақтар:
Сарытау ауылы
0,3
15,5
500
-
-
-
Үшбұлақ ауылы
1,3
64,7
500
1,98
19,8
100
Маралды ауылы
1,2
57,7
500
1,02
10,2
100
Теректі бұлақ ауылы
1,75
87,6
500
1,27
12,7
100
Топтерек ауылы
0,38
19,1
500
1,19
11,9
100
Бурабай ауылы
1,885
94,2
500
2,07
20,7
100
Сарыөлең ауылы
0,05
2,2
500
-
-
-
Бірлік ауылы
1,57
78,3
500
0,69
2,4
35
Барақ батыр ауылы
2,61
130,5
500
1,06
3,7
35
Күршім ауылы
6
324,9
500
7,83
27,4
35
Күршім өзеніне құятын өзендер мен бұлақтар:
оң жағалаудан
62
620,0
100
сол жағалаудан
40,02
400,2
100
арналар бойынша
сол жағалаудан
0,98
3,4
35
оң жағалаудан
16,1
56,4
35
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы