О внесении изменений в некоторые приказы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 177-нқ
- Қабылданған күні
- 06.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2020 135954_475490.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019580
- ЭКБ идентификаторы
- 135954
- Редакция идентификаторы
- 135954_475490
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:57
0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігінің
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитеті төрағасының
2019 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1
1. «Құрылыстағы технологиялық карталарды әзірлеу, келісу, бекіту және олардың құрамы жөніндегі Мемлекеттік нормативті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 413-нқ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12900 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыстағы технологиялық карталарды әзірлеу, келісу, бекіту және олардың мазмұны жөніндегі мемлекеттік нормативте:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Технологиялық карталардың мазмұнына қойылатын талаптар»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Технологиялық карталарды әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Технологиялық карталарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Технологиялық карталарды ресімдеу ережелері»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Техникалық-нормалау карталарын әзірлеу, келісу және бекіту».
2
2. «Қазақстан Республикасындағы құрылыстың есептік құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 68-нқ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13604 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылыстың есептік құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативте:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Құрылыстың есептік құнын айқындаудың негізгі қағидаттары»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді талап ететін жобалар бойынша құрылыстың есептік құнын айқындау»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелер құрамындағы құрылыс саласындағы мемлекеттік инвестициялық жобалар құрылысының есептік құнын айқындау»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Ұзақтығы бір күнтізбелік жылдан астам объектілер бойынша құрылыстың есептік құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің 23-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайтын бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған инфляцияның болжамды деңгейін қолданып, күнтізбелік жылдар бойынша көлемдерін бөліп көрсете отырып, құрылыстың нормативтік мерзімі ескеріле отырып айқындалады.».
3
3. «Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-сандық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 106-НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13736 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-цифрлық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік нормативте:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаларға электрондық-цифрлық нысанына қойылатын талаптар»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай электрондық банкке техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамаларды электрондық-цифрлық нысанда беру».
4
4. «Құрылыс сметаларындағы шығындардың конструктивтік-технологиялық топтамасы жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2016 жылғы 15 тамыздағы № 59-НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14240 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
5
5. «Қазақстан Республикасы құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 232-НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14642 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 17 қаңтарда жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 50-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
6
6. «Қазақстан Республикасындағы құрылыс үшін инженерлік ізденістердің құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 239-нқ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14648 тіркелген, 2017 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құрылыс үшін инженерлік ізденістердің құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативте:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұзақтығы бір күнтізбелік жылдан астам объектілер бойынша құрылыстың есептік құны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің 23-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайтын бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған инфляцияның болжамды деңгейін қолданып, күнтізбелік жылдар бойынша көлемдерін бөліп көрсете отырып, құрылыстың нормативтік мерзімі ескеріле отырып айқындалады.».