О реорганизации Дочернего государственного предприятия "Жезказганредмет" Республиканского государственного предприятия "Национальный центр по комплексной переработке минерального сырья Республики Казахстан" Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации Дочернего государственного предприятия "Жезказганредмет" Республиканского государственного предприятия "Национальный центр по комплексной переработке минерального сырья Республики Казахстан" Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жезқазғансирекмет" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1233
- Қабылданған күні
- 21.11.2002
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI13596_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020001233_
- ЭКБ идентификаторы
- 13596
- Редакция идентификаторы
- AI13596_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:42
0 Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жезқазғансирекмет" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Жезқазғансирекмет" еншілес мемлекеттік кәсіпорны, оны Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Жезқазғансирекмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні бөлінетін материалдарды, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдарды өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу және сату болып белгіленсін.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.02.27. N 208 қаулысымен.
3 3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Кәсіпорын жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2 2) "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" және "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары жекешелендіруге және оның алдын ала кезеңдеріне жатпайды деп белгіленсін.";
3 3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N 1237 қаулысымен.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. N 1237 ; 05.08.2013 № 796 қаулыларымен.