О некоторых вопросах товарищества с ограниченной ответственностью «Мангистауский атомный энергетический комбинат-Казатомпром»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах товарищества с ограниченной ответственностью «Мангистауский атомный энергетический комбинат-Казатомпром»
- Атауы (қаз.)
- «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 851
- Қабылданған күні
- 14.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.11.2019 135986_432798.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000851
- ЭКБ идентификаторы
- 135986
- Редакция идентификаторы
- 135986_432798
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:52
0 «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
кейбір мәселелері туралы
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 193-1-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы
11-бабының 13) тармақшасына, 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына,
169-бабының 1-тармағына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) қатысу үлесінің 100 (жүз) процентін мемлекет меншігіне өтеусіз негізде иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
2 2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі серіктестіктің қатысу үлесінің 100 (жүз) проценті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке қабылдансын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
2 2) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Маңғыстау облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 236-11-жолмен толықтырылсын:
«236-11. «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-16-жолмен толықтырылсын:
«20-16. «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
3 3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:
«10. «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».».