Құжат мәтініне өту

Об установлении границ охранной зоны и определения режима использования земель магистрального нефтепровода «Каламкас-Каражанбас-Актау»

Қаулы · № 236 · қабылданған 13.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-135995/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении границ охранной зоны и определения режима использования земель магистрального нефтепровода «Каламкас-Каражанбас-Актау» Қолданыста Қаулы ·№ 236 ·13.11.2019
13.11.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении границ охранной зоны и определения режима использования земель магистрального нефтепровода «Каламкас-Каражанбас-Актау»

Қолданыста Қаулы ·№ 236 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении границ охранной зоны и определения режима использования земель магистрального нефтепровода «Каламкас-Каражанбас-Актау»
Атауы (қаз.)
«Қаламкас-Қаражанбас-Актау» магистральдық мұнай құбырының күзет аймағы шекарасын белгілеу және жерді пайдалану режимін айқындау туралы»
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
236
Қабылданған күні
13.11.2019
Көрсетілген редакция
13.11.2019 135995_427191.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19M0004028
ЭКБ идентификаторы
135995
Редакция идентификаторы
135995_427191
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:53

0 «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» магистральдық мұнай

құбырының күзет аймағы шекарасын белгілеу және жерді
пайдалану режимін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2012 жылғы 22 маусымдағы «Магистральдық құбыр туралы» заңдарына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау және «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» магистральдық мұнай құбырының қауіпсіз пайдалану үшін жағдайлар жасау мақсатында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай-ақ, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мұнай құбыры осінің әрбір жағынан елу метрден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде мұнай құбыры осінің әрбір жағынан жиырма бес метрден күзет аймағының шекарасы белгіленсін.

2 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» магистральдық мұнай құбыры желісінің күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі айқындалсын.

3 3. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мұнайлы ауданының әкімі құрылыс нормалары мен қағидаларында белгіленген ең аз қашықтық шегінде магистральдық құбырға жатпайтын нысандарды салу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салсын.

4

4. «Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап

күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» магистральдық мұнай құбырының күзет аймағына кіретін жерлер

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2019 жылғы «___» қарашадағы
№____ қаулысына 1-қосымша
«Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» магистральдық мұнай құбырының күзет аймағына кіретін жерлер

Аудан­ның ата­уы
Ауыл­дың
ата­уы
Ма­ги­страль­дық мұ­най
құ­бы­ры­ның кү­зет ай­ма­ғы­ның кө­ле­мі,
гек­тар
Оның ішінде:
Өнер­к­әс­iп, көлiк, бай­ла­ныс, ға­рыш қыз­ме­ті, қор­ға­ныс, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік мұқ­та­жы­на ар­нал­ған жер және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы­на ар­нал­ма­ған өзге де жер
оның ішінде:
бас­қа да ал­қап­тар
егістік
көп жыл­дық ек­пе­лер
ша­бын­дық
жай­ы­лым
бар­лы­ғы
су­ар­ма­лы егі­стік
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1
Мұнайлы ауданы
Даулет ауылдық округі
31,4710
2,3729
26,9906
2,1075
Қызылтөбе ауылдық округі
51,3368
38,7565
12,5803
Батыр ауылдық округі
21,5245
2,4454
14,3087
4,7704
Барлығы
104,3323
4,8183
80,0558
19,4582

8 «Қаламкас-Қаражанбас-Ақтау» магистральдық мұнай құбырының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2019 жылғы «___» қарашадағы
№ қаулысына 2-қосымша
«Қаламкас-Қаражанбас-Ақтау» магистральдық мұнай құбырының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі
Магистральдық мұнай құбырының күзет аймағында:

1 1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей орнатуға;

2 2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;

3

3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;

4 4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;

5 5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;

6 6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;

7 7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;

8 8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

Қолданыстағы