О внесении изменений в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 841
- Қабылданған күні
- 12.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2021 136043_509683.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019603
- ЭКБ идентификаторы
- 136043
- Редакция идентификаторы
- 136043_509683
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:54
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы
2 наурыздағы № 120 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13447 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2 2) «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 3 наурыздағы № 121 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13459 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсiн.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
____________2019 жылғы
№_____бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 2 наурызда
№ 120 бұйрығымен
бекітілді
«Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы
№ 75 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 13211 болып тіркелген) «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4 4. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішпен қоса берілген құжаттарды беруі мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімінің (әрекетінің) басталуына негіздеме болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті түскен күні 9:00-ден 17:00 сағат ішінде тіркеуді жүзеге асырып көрсетілетін қызмет берушінің басшысына береді;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, өтініш тіркелгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді.
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған кезде осы тармақшада көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту ресімделеді;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруы 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
5 5) құжаттарды тексерудің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы электрондық нысанда куәліктер не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды;
6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық нысанда куәліктерге не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – жауапты орындаушыдан түскен күні 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
6 6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
өтінішті тіркеу;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысының жауапты орындаушыны айқындауы;
құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;
куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы куәлік не дәлелді жауап дайындау;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының куәлікке не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы.
3 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері:
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті түскен күні 9:00-ден 17:00 сағат ішінде тіркеуді жүзеге асырады;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, өтініш тіркелгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігі не сәйкес еместігі тұрғысынан құжаттарды тексеруді жүзеге асырады;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы куәлік не электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;
5 5) құжаттарды тексерудің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы электрондық нысанда куәліктер не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды;
6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық нысанда куәліктерге не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – жауапты орындаушыдан түскен күні 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
1-1 «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
– мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
– көрсетілетін қызметті берушінің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімінің (іс-қимылының) атауы;
– келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
2 «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
____________2019 жылғы
№_____бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 3 наурызда
№ 121 бұйрығымен
бекітілді
«Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 72 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 13210 болып тіркелген) «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» (бұдан әрі – стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру.
4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5 5. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес қоса берілген құжаттары бар өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімінің (әрекетінің) басталуына негіздеме болып табылады.
6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті автоматты түрде тіркеуі;
2 2) куәлік электрондық нысанда ақпараттық жүйесімен (компьютермен) көрсетілетін қызметті берушінің қатысуысыз 20-40 (жиырма-қырық) минут ішінде беріледі.
7 7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
өтінішті автоматты түрде тіркеуі;
куәлікті электрондық нысанда автоматты түрде беру.