Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 23 · қабылданған 14.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136061/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 23 ·14.11.2019
06.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 23 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23
Қабылданған күні
14.11.2019
Көрсетілген редакция
06.03.2020 136061_447900.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CII06458
ЭКБ идентификаторы
136061
Редакция идентификаторы
136061_447900
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:52

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 6 қарашадағы № 2-12-4/188 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің Бақакос нүктесінде орналасқан «Төреахмет» шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2 2. «Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы