Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 06.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2020 136066_446623.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NJ008751
- ЭКБ идентификаторы
- 136066
- Редакция идентификаторы
- 136066_446623
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:57
0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Жітіқара ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 1 қазандағы № 01-20/320 ұсынысы негізінде Тимирязев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тимирязев ауылдық округі Волгоград ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Жітіқара аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.