О переименовании улиц в селе Майтобе Шанханайского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц в селе Майтобе Шанханайского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Шанханай ауылдық округінің Майтөбе ауылындағы көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 14.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.11.2019 136100_427434.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19DMM05301
- ЭКБ идентификаторы
- 136100
- Редакция идентификаторы
- 136100_427434
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:51
0 Шанханай ауылдық округінің
Майтөбе ауылындағы
көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шанханай ауылдық округінің Майтөбе ауылының халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде: Шанханай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шанханай ауылдық округінің Майтөбе ауылындағы «Гвардия» көшесі «Атамекен» көшесіне, «Интернатская» көшесі «Шапағат» көшесіне, «Заречная» көшесі «Қайнар» көшесіне, «Молодежная» көшесі «Болашақ» көшесіне, «Центральная» көшесі «Әл-Фараби» көшесіне, «Школьная» көшесі «Ыбырай Алтынсарин» көшесіне, «Пионерская» көшесі «Жас Ұлан» көшесіне қайта аталсын.