Об установлении тарифов на регулярные социально значимые перевозки пассажиров по Теренкольскому сельскому округу района Тереңкөл
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении тарифов на регулярные социально значимые перевозки пассажиров по Теренкольскому сельскому округу района Тереңкөл
- Атауы (қаз.)
- Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі бойынша жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 338/7
- Қабылданған күні
- 19.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.11.2019 136142_427722.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PH006614
- ЭКБ идентификаторы
- 136142
- Редакция идентификаторы
- 136142_427722
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:47
0 Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі бойынша жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау
тарифтерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабы 4,5-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы «Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы» № 724 Жарлығына сәйкес, Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі бойынша жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтері белгіленсін:
«Тереңкөл ауылы» бойынша 50 (елу) теңге көлемінде;
«Тереңкөл ауылы-Ынталы ауылы» бойынша 80 (сексен) теңге көлемінде.
2
2. Качир ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 маусымдағы «Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі бойынша жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» № 228/5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6008 болып тіркелген, 2018 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары М.Б. Зеновқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Тереңкөл аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Баяндинов ___________
2019 жылғы «31» қазан