Об утверждении Правил образования и работы отборочных комиссий воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил образования и работы отборочных комиссий воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 910
- Қабылданған күні
- 13.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2022 136144_619296.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019616
- ЭКБ идентификаторы
- 136144
- Редакция идентификаторы
- 136144_619296
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:53
0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы
№ 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 27-тармағы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы « __ » _______
№ ___ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2 2. Іріктеу комиссиясы алқалы орган болып табылады және Қарулы Күштерде бос әскери лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады.
3 3. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің іріктеу комиссиясы офицерлер құрамының бос әскери лауазымдарына тағайындау үшін кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.
4 4. Әскери бөлімнің (мекеменің) іріктеу комиссиясы қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының бос әскери лауазымына тағайындау үшін кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.
5
5. Азаматтарды Қарулы Күштерге келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери лауазымдар және оларға сәйкес келетін әскери атақтар тізбесінде көзделген және бос болып табылатын лауазымға жүзеге асырылады.
2 2-тарау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру тәртібі
6 6. Қорғаныс істері жөніндегі департамент іріктеу комиссиясының құрамы тиісті департамент бастығының бұйрығымен, әскери бөлім (мекеме) іріктеу комиссиясының құрамы тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығымен бекітіледі.
Іріктеу комиссиясының төрағасы болып қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының, әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) орынбасары тағайындалады.
7
8 Іріктеу комиссиясының құрамы мүшелердің тақ санынан кемінде бес адамнан тұрады.
3 3-тарау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелері іріктеу комиссияларының жұмыс істеу тәртібі
7 7. Іріктеу комиссиясы жұмысты ұйымдастыру мақсатында мынадай іс-шараларды жүргізеді:
кандидаттардың жеке ісін тексеру;
кандидаттардың әскери-есептік мамандығына және тағайындау үшін қаралатын әскери лауазымның біліміне сәйкес келуін тексеру;
кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру;
кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
іріктеу комиссиясының отырысында іріктелген кандидаттарды қарау.
8 8. Іріктеу комиссиясының отырысы іріктеу комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
9 9. Іріктеу комиссиясының отырысы, егер оған құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, заңды болып саналады. Іріктеу комиссиясының жоқ мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.
Кворум болмаған жағдайда іріктеу комиссиясының қайта отырысы он жұмыс күні ішінде өткізіледі. Оның құрамының үштен екісінің қайта отырысқа қатысуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) іріктеу комиссиясының жаңа құрамын бекітеді.
10 10. Іріктеу комиссиясының отырысы мынадай тәртіппен өткізіледі:
1 1) психологиялық іріктеу, кандидатты оның білімінің, әскери-есептік мамандығының, дене шынықтыру дайындығының, сондай-ақ оның кәсіби тұрғыдан жарамдылығының сәйкес келуіне тексеру нәтижелері қоса берілген қалыптастырылған жеке ісінің материалдарын қарау;
2 2) кандидатпен әңгімелесу;
3 3) іріктеу комиссиясы мүшелерінің пікірлерін тыңдау;
4 4) дауыс беру және шешім қабылдау;
5 5) кандидатқа қабылданған шешімді жариялау.
11 11. Іріктеу комиссиясының шешімі қатысқан мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады. Іріктеу комиссиясы мүшелерінің дауыстары тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
12 12. Іріктеу комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді.
13 13. Іріктеу комиссиясының хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
14 14. Іріктеу комиссиясы отырыс қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1 1) ұсынылады;
2 2) ұсынылмайды.
15
15. Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдаудан бас тартылған жағдайда осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада хабарламаны алған күннен бастап үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығына немесе әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) бас тарту себептерін көрсетумен және шағым беру құқығын түсіндірумен хабарлама жасалады. Бірінші данасы кандидатқа беріледі, ал екіншісі қорғаныс істері жөніндегі департаментте (әскери бөлімде (мекемеде) қалады.
Өтініш берушіге қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) шағым түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жауапты жолдайды.»;
4 4-тарау. Қорытынды ережелер
16
16. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) іріктеу комиссиясының хаттамасынан үзінді негізінде кандидатпен қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының лауазымында әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды, әскери қызметке қабылдау және әскери бөлім (мекеме) жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрықтар шығарады.
17
17. Қорғаныс істері жөніндегі департамент шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хаттамадан үзіндіні және іріктеу комиссиясы оған қатысты «ұсынылады» деп шешім қабылдаған кандидатқа материалдарды оның әскери қызметке кіруі және онымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасау туралы бұйрық шығару үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментіне жолдайды.
Әскери қызметке қабылдау және жеке құрамның тізіміне қабылдау туралы бұйрықтардан үзінділер әскери қызметшіні әскери есептен шығару үшін үш жұмыс күні ішінде жергілікті әскери басқару органдарына жолданады.
1 ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
бөлімдері мен мекемелерінің
іріктеу комиссияларын құру
және олардың жұмыс істеу
қағидаларына қосымша
Нысан
бұрыштық мөртаңба
Кімге ________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде)
ХАБАРЛАМА
Сізге ___________________________________________________ байланысты келісімшарт
(қандай себеппен бас тарртылғаны көрсетіледі)
бойынша әскери қызметке қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлаймыз.
Сізге қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығына (әскери бөлім (мекеме) командиріне (бастығына) хабарлама алған күннен бастап үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде шағым беруге құқығыныз бар екенін түсіндіреміз.