Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня, наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения
- Атауы (қаз.)
- Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 422
- Қабылданған күні
- 19.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.11.2019 136170_428355.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19UK005249
- ЭКБ идентификаторы
- 136170
- Редакция идентификаторы
- 136170_428355
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:47
0 Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар
автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 мамырдағы №172 «Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №4108 тіркелген, 2017 жылғы 02 маусымда «Сарыағаш» газетінде және 2017 жылғы 01 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жаряланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сейтимбетовке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi
Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 19 қарашадағы
№422 қаулысына қосымша
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi
№р/с
Автомобиль жолдарының индексі
Автомобиль жолдарының атауы
Автомобиль жолдарының мекен-жайы, шақырым
Жалпы ұзындығы, шақырым
1
KXSG-1
«КХ-11-Құркелес-Алғабас»
0-2,75
2,75
2
KXSG-2
«КХ-55-Шымырбай елді мекеніне кіреберіс жол»
0-11,4
11,4
3
KXSG-3
«КХ-11- Дарбаза-Тасқұдық-Сарысу»
0-29,5
29,5
4
KXSG-4
«Дарбаза-Ердәуiт»
0-4,02
4,02
5
KXSG-5
«КХ-11-51 разъезд елді мекеніне кіреберіс жол»
0-2,97
2,97
6
KXSG-6
«КХ-50 - Қанағат-Ақниет»
0-4,65
4,65
7
KXSG-7
«КХ-49-Дербiсек -А-2»
0-4,85
4,85
8
KXSG-8
«КХ-49-Жемiстi-Тың»
0-2,4
2,4
9
KXSG-9
«Әлiмтау-Тасқұдық-Көктал»
0-29,8
29,8
10
KXSG-10
«Тегiсшiл-Мәдениет»
0-2,34
2,34
11
KXSG-11
«А-15-Сарыағаш-Ветлаборатория»
0-2,47
2,47
12
KXSG-12
«КХ-55-Қарақалпақ елді мекеніне кіреберіс жол»
0-0,9
0,9
13
KXSG-13
«Қарабау-Жаңатұрмыс»
0-1,86
1,86
14
KXSG-14
«КХ-49- Жемiстi -А-2»
0-3,85
3,85
15
KXSG-15
«А-15-Винзаводқа кіреберіс жол»
0-1,05
1,05
16
KXSG-16
«КХSG-19-Құрсай елді мекеніне кіреберіс жол»
0-4,55
4,55
17
KXSG-17
«КХ-55-Шайхана елді мекеніне кіреберіс жол»
0-0,63
0,63
Барлығы:
109,99