Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности по Иргизскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности по Иргизскому району
- Атауы (қаз.)
- Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 251
- Қабылданған күні
- 18.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2021 136184_553742.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CE006474
- ЭКБ идентификаторы
- 136184
- Редакция идентификаторы
- 136184_553742
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:48
0 Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
2 2. Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
3 3. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Аудандық мәслихаттың
2019 жылғы «18» қарашадағы
№ 251 шешіміне қосымша
Ырғыз аудандық мәслихатының күші жойылған
шешімдерінің тізбесі
1
1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 12 «Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4904 тіркелген, 2016 жылы 16 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;
2
2. Ырғыз аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 76 «Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 12 «Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5383 тіркелген, 2017 жылы 19 сәуірінде аудандық «Ырғыз» газетінде жарияланған) шешімі;
3
3. Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 190 «Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 12 «Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-200 санымен тіркелген, 2019 жылы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.