Құжат мәтініне өту

Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по Зайсанскому району

Қаулы · № 548 · қабылданған 15.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136195/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по Зайсанскому району Күшін жойған Қаулы ·№ 548 ·15.11.2019
21.01.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по Зайсанскому району

Күшін жойған Қаулы ·№ 548 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по Зайсанскому району
Атауы (қаз.)
Зайсан ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
548
Қабылданған күні
15.11.2019
Көрсетілген редакция
21.01.2021 136195_508966.kaz
Соңғы өзгеріс
21.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VK006297
ЭКБ идентификаторы
136195
Редакция идентификаторы
136195_508966
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:51

0 Зайсан ауданы бойынша мектепке дейінгі білім

беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген
санаттарын тегін тамақтандыруды
ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» № 320 қаулысына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің келесі санаттары үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:

1 1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

2 2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;

3 3) көп балалы отбасылардың балаларына;

4 4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға.

2 2. Тегін тамақтандыру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттарды ұсынған кезде ұйымдастырылады:

1 1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;

2 2) отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

3 3) мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

4 4) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;

5

5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

6

6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірістер, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер). Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелену кезеңінде тегін тамақтау құқығы жыл сайын осы қаулының 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ұсыну арқылы расталуы тиіс.
Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға шығындарды қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

3 3. «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Зайсан ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

3 3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Зайсан ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы әкімдік қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, осы қаулының күші мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2019 жылғы 1 тамыздан бастап баратын тәрбиеленушілерге қолданылады.

Қолданыстағы